Қазақстандық сарапшылар тобы жүйелік реформалар бойынша ұсыныстар жасады

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының тапсырмасымен 2019 жылы Әлемдік экономика және саясат институты (құрамында: Г. Пазылқайырова, Ж. Мырзабеков, С. Садиева, С. Суханов, Р. Сапышев), және бірқатар ұлттық сарапшылар тобының (50-ден астам адам) қатысуымен, Зерттеу және кеңес беру орталығы (CRC), "TALAP" қолданбалы зерттеу орталығы, Еуразияның Whiteshield Partners аймақтық бөлімі бірлесіп, елдегі модернизациялау мәселелері бойынша кешенді ғылыми-қолданбалы зерттеулер жұмысын бастады.

Айтулы жұмысқа шетелдік танымал сарапшылар, оның ішінде Whiteshield Partners компаниясының директоры және серіктесі, Париж саяси зерттеулер институтының профессоры (Grande école Sciences Po) - Энтони О'Салливан, Whiteshield Partners компаниясының директоры және Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) бұрынғы бас экономисі - Эрик Берглоф,  Whiteshield Partners компаниясының негізін қалаушы, директоры және серіктесі, Кеннеди атындағы Гарвард мемлекеттік басқару мектебінің аға оқытушысы - Фади Фарра,  Whiteshield Partners компаниясының директоры, Польшаның экс-қаржы министрі - Павел Войцеховски мен Whiteshield Partners сарапшысы, ЕҚДБ бұрынғы бас экономисі, Париж саясаттану мектебінің  (Sciences Po) профессоры - Сергей Гуриев әдістемелік қолдау көрсетті. Жеке зерттеу блоктарын қазақстандық сарапшылар - Әнуар Боранбаев (CRC), Рахым Ошақбаев (Talap), Қаныш Тулеушин (Whiteshield Partners) басқарды.

Алты айдың ішінде адам капиталы және еңбек нарығы, жаңа экономикалық модель және экономикалық өсімнің жаңа мүмкіндіктері, кеңістіктік даму, мемлекеттік басқару, мемлекет пен азаматтардың өзара әрекеті, макроэкономикалық ортаның бағыттары бойынша жұмыс жүргізілді. Сонымен қатар «ақ кітаптағы» ұсыныстар ел азаматтарының әл-ауқатын арттыруға бағытталды.

2018 жылы өзінің Жолдауында Н.Назарбаев қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі  басты басымдыққа айналуға тиіс екенін атап өткен болатын.

«Бүгінде жаһандық және жергілікті проблемалар тоғыса түсуде. Мұндай жағдайда сын-қатерлерге төтеп берудің және мемлекеттің табысқа жетуінің кепілі елдің басты байлығы – адамның даму мәселесі болып отыр» - деді Елбасы.

ҚР Президенті Қ.Ж.Тоқаев 2019 жылдың 2 қыркүйегінде халыққа арнаған Жолдауында «Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары»,- екенін жеткізді.

Бірінші кітап - макроэкономикалық саланы зерттеуге арналған. Онда Ұлттық қордың жаңа моделі, бюджеттік тұрақтылық, экономиканы «көлеңкеден» шығару, салық реформасы мәселелері қамтылған; мемлекеттік әлеуметтік активтерді басқарудың тиімділігі мен ашықтығын арттыру, банктік тұрақтылықты нығайту және басқа да сұрақтар қарастырылған.

Екінші кітапта мемлекеттік басқару реформасының келешегі сипатталған. Онда мемлекеттік саясатты әзірлеу, мемлекеттік сектордың функционалдығын жетілдіру, бюджеттің тиімділігін арттыру, аймақтардағы азаматтық белсенділікті дамыту және жергілікті қауымдастықтарды нығайту бойынша ұсыныстар берілген.

Үшінші кітап - адам капиталын дамыту туралы. Мұнда зерттеушілер Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына ену жолында кедергі болатын тосқауылдарды көрсетіп, ұсыныстарында жүйелік бастамаларды сипаттайды. Зерттеу жұмыстары елдің адами капиталы қаншалықты ерекше екенін көрсетті, дегенмен оның сапасын жақсарту саясаты, жұмыспен қамту құрылымы, кірісі  аймақ бойынша да, топ бойынша да әртүрлі болуы қажет.

Төртінші кітап – бұл жерде экономиканы ынталандыруға арналған жаңа ұсыныстар бар. Сарапшылар өңдеу өнеркәсібін дамытуды күшейту, агроөнеркәсіптік кешеннің интенсивті моделіне көшу, креативті индустрия мен инновацияларды дамыту, кәсіпкерлік институттарды жетілдіру, оның ішінде бәсекеге қабілетті ортаны қамтамасыз ету арқылы экономиканы әртараптандыру бағыттары мен шараларын қарастырады.

Бесінші кітап - кеңістікті дамыту және аймақтық даму саясатының тиімділігін арттыру мәселелерін қамтиды. Зерттеушілер жасалған жұмыстың нәтижелерін кеңес ретінде қарауды және қазіргі мемлекеттік бағдарламалар мен даму тұжырымдамаларына балама емес екенін айтып отыр.

Барлық бастамалар елде қол жеткізген жетістіктер мен сабақ болған жайттарды ескере отырып әзірленді. Жұмыстарды жүргізудің келесі қадамы -​​қоғамдық талқылау. Оған еліміз ғана емес, шетелдердегі ғылыми орталықтар мен корпоративтік секторда жұмыс істейтін сарапшылар, «Атамекен» ҰКП, кәсіподақтар мен бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері қызықтыратын барлық адамдар шақырылып отыр.

Талқылауға қолдау көрсету мақсатында сарапшылар тобы - ашық диалог алаңын құрды. Барлық ақпаратты https://www.facebook.com/groups/kzexpertclub парақшасынан алуға болады.

Зерттеу нәтижелері  https://kzexpertclub.fpp.kz/ парақшасында жарияланады.

Зерттеу нәтижелерінің презентациясы 6 мамыр 2020 жылы, сағат 15:00-де өтеді, қатысуға арналған сілтеме: https://zoom.us/j/6920794312.

Байланысу:

БАҚ өкілдері үшін: Диана Диханбаева, тел: +7-707-990-0169, e-mail: dikhanbayeva.d@iwep.kz,

Сарапшылар үшін: Сабина Садиева, тел: +7-771-255-2522, e-mail: sadiyeva@iwep.kz

 

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры - Қазақстандағы президенттік қор. Бұл еліміздегі қызметі кәсіби басқару және жобалардың жүйелілігі қағидаларын ұстанатын ірі коммерциялық емес қор. Қордың жұмысы дарынды жастарды қолдауға, әлеуметтік жобалар мен азаматтық бастамаларды, бәсекеге қабілетті сараптамалық-талдау орталығын дамытуға бағытталған.

Әлемдік экономика және саясат институты (ӘЭСИ) – Қордың жанынан 2003 жылы құрылды. Институттың қызметі әлемдік экономика, халықаралық қатынастар, қауіпсіздік мәселелерін зерттеуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің қызметін және Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы мен нығаюына, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға қосқан үлесін зерделеуге бағытталған.