Жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу бағдарламасы қалай жүзеге аспақ?
2017 ж. 08 қараша
3053
0
Астана қаласындағы №69 гимназия мектебінің базасында жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу бағдарламасын әзірлеушілер мен 6, 8, 10-сыныпқа арналған жаңа мазмұндағы оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеуші авторлардың жұмыс бабындағы кездесуі өтті.
Мұндағы мақсат: негізгі орта білім беруге арналған жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу бағдарламасының ерекшеліктерін және оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер мазмұнының бағдарламаға сәйкестігін талқылау.
Кездесуге 53 оқу бағдарламасын әзірлеуші автор, 50 оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеуші автор, мұғалімдер мен әдіскерлер, білім беру басқармаларының өкілдері және «Арман-ПВ», «Атамұра», «Білім», «Көкжиек-Горизонт», «StudyInn», «Келешек-2030», «Географиядан Республикалық атаулы мектеп», «Мacmillan», «Oxford», «Мектеп», «Алматыкітап» баспаларының басшылары мен қызметкерлері, барлығы 200-ден астам адам қатысты.
Жұмыс барысында кездесуге қатысушылар тарапынан үлгілік жұмыс бағдарламалары мен оқулық мазмұнына түзетулер енгізу және олардың мазмұнын жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасалды.
Сая ЕРМЕКОВА
qazaquni.kz
