Чин ДАВИД, Алматыдағы №106 мектептің түлегі: ҰБТ – БІЗ ҮШІН ЕҢ АЛҒАШҚЫ СЫНАҚ
2017 ж. 31 тамыз
2698
0
Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағының басты кейіпкерлерінің бірі, Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, №106 мектептің түлегі Чин Давидті тест кезінде әңгімеге тартқан едік. Болашақ талапкерлердің кәдесіне жарап қалар деген үмітпен жариялауды жөн санадық.
– Бұл сіздің тұңғыш рет тест тапсыруыңыз ба, әлде бұған дейін сынақ тапсырып көріп пе едіңіз?
– Бірінші рет тест тапсырғалы отырмын.
– Қандай балл аламын деп үміттеніп отырсыз?
– Әрине 130
– Тестке дайындалу барысында сізге біреу көмектесті ме?
– Ең алдымен ұстаздарым – мұғалімдер, директор, ата-анам. Әрине, бір ғана оқулықпен шектеліп қалмай, анықтамалық кітаптар, энциклопедияны да ақтаруға тура келді. Тек «Оқу сауаты» пәніне дайындалған кезде ғана қосымша оқулық іздеген жоқпын.
– Тест кезіндегі ең қиын сұрақтарды атап бере аласыз ба?
– Ең қиын сұрақ деп «Қазақстан тарихы – орта ғасырлар» мен «Математикалық сауаттылық» пәнін айтар едім.
– Қай оқуға түсуді жоспарлап отырсыз?
– Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы. Тек дәл қай факультет екенін әлі шешкен жоқпын. Сәулет өнері ме әлде өнеркәсіптік дизайн ба. Әрине, шығармашылық емтиханға жақсылап дайындалу керек. Талапкерлерлерге сурет салу мен сызуға қатысты талаптар қойылады. Сондай-ақ «Оқу сауаттылығы» мен «Қазақстан тарихынан» жоғары балл болуы керек.
– Қолыңыз бос кезде немен айналысқанды ұнатасыз? Сабақтан тыс кезде қандай да бір әуестенетін ісіңіз бар ма?
– Мен саз бен рэп жазамын. Оны менің әлеуметтік желідегі парақшамнан тыңдауға болады. Тек бір ғана үндестікте жазбаймын. Мәтіндегі тақырыптар менің жан-дүниеммен тығыз байланысты. Маған Тупак Шакур, Майкл Джексон шығармашылығы ұнайды. Ал өзімізден – Батырхан Шүкеновтің орындаған туындыларын ұнатамын.
– Емтихан алдында бір-біріңе айтатын ырымдарың бар ма?
– Бар, бірақ мен оған сенбеймін.
edu.gov.kz