Наурызда туғандар

Бұл айда туған адамдар өте сезімтал болып келеді. Айналасында болып жатқан жайттарды бірден жүрегіне жақын қабылдайды. Есте сақтау қабілеті мен алға қойған мақсатына жетпей қоймайтын жігерлілігі мықты қалыптасқан. Кейбір кезде өзінен-өзі тұйықтанып қалады да, содан соң аяқ астынан ділмәр, шешенге айналады. Ол отбасында да, ұжымдастар арасында да сыйлы…   • Әнуарбек Бейсембайұлы Үмбетбаев – 1914 жылы 20 наурызда туған. Қазақтың тамаша теноры. Сахнада қырыққа жуық музыкалық образ жасап, ұлттық операның өркендеуіне үлкен үлес қосқан. • Айгүл Иманбаева – әнші, артист, жургналист. Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Кенен Әзірбаев атындағы ауылда 15 наурызда туған. • Тұманбай Молдағалиев – 1935 жылы 20 наурызда дүниеге келді. Қазақтың тамаша ақыны Нәзік те сыршыл ақынның махаббат лирикасы ұлттық поэзияның асыл қазынасына айналған. Халыққа кеңінен танымал көптеген ән өлеңдерінің авторы. • Қуандық Шаңғытбаев – қазақтың ғажайып ақыны, көркем сөздің зергері 1925 жылы 21 наурызда дүниеге келді. Аударма өнерінің классигі А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» романы аудармасының екі нұсқасын 1949,1985 жылдары жасап шыққан. • Ғабит Махмұдұлы Мүсірепов - қазақтың классик жазушысы, аса көрнекті драматург 1902 жылы 22 наурызда дүниеге келді. 1985 жылы қайтыс болған. • Марат Қабанбаев – қазақтың тамаша жазушысы 1948 жылы 22 наурызда дүниеге келді. Ұлттық балалар әдебиетіне өзіндік қолтаңбасын ала келген қаламгер. Мараттың «Пысық болдым, мінеки» повесі ұлттық мінез бітімін ашып көрсеткені үшін Г.Х.Андерсен атындағы өте беделді халықаралық сыйлықты иемденген. • Жәнібек Кәрменов– қазақтың дүлділ әншісі, аяулы азаматы 1949 жылы 22 наурызда дүниеге келді. 1993 жылы автомобиль апатына ұшыраған Жәнібек қазасы халық қабырғасын қайыстырып кетті. • Серік Смайылұлы Қирабаев– қазақтың көрнекті әдебиетші – ғалымы, академик 1927 жылы 23 наурызда дүниеге келді. Қазақ жастарының бірнеше буыны оқып шыққан әдебиет пәні оқулықтары авторларының бірі. • Амантай қажы Асылбек – «Аттан Қазақстан!» антиядролық майданының жетекшісі. 1941 жылы 16 наурызда туған. • Нағашыбек Қапалбекұлы– Республикалық кітап мұражайының директоры, жазушы. 1950 жылы 16 наурызда дүниеге келген. • Әбділдин Мейірхан - 1938 жылы 16 наурызда туған. Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, академик • Алдамжаров Қазыбек - профессор, академик, Азаматтық авиация академиясының ректоры. 1947 жылы 16 наурызда дүниеге келген. • Нұрмақов Нығмет - көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері. Қарағанды облысында дүниеге келген. Бастапқыда ауылда ашылған орыс мектебінде білім алып, кейін Қарқаралыдағы екі сыныптық орыс-қазақ училищесін бітірген. 1895 жылы 20 наурызда дүниеге келген. • Бәпиұлы Мәди - ақьн, әнші-композитор 1880 жылы қазіргі Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында кедей шаруаның отбасында дүниеге келген. Арғы аталары атақты би Қазыбек екен. • Жақсылықов Марат Файзуллаұлы – ҚР еңбек сіңірген сәулетшісі. 1946 жылы 16 наурызда дүниеге келді.