Адам ағзасына қатысты қызықты деректер: Сүйегіміздің 50 пайызын су құрайды
2016 ж. 16 мамыр
8822
1
Адам ағзасына қатысты қызықты мәліметтерді kazakhstanzaman.kz сайты назарларыңызға ұсынады.
1. Күніне бір қорап темекі шегетін адам жылына жарты кесе қарамай ішкенмен бірдей зиян шегеді;
2. Түзу сызық сыза алатын жалғыз тіршілік иесі — адам;
3. Адамның шашы бүкіл ғұмырында 725 келіге дейін өседі;
4. Күлгенде 17 бұлшық етіміз қимылдайды;
5. Адам ДНҚ-сында 80 000-дай ген болады;
6. Кісінің әр саусағы бүкіл өмір бойы шамамен 25 миллион рет бүгіледі;
7. Адам жүрегінің көлемі оның жұдырығындай болады;
8. Адамзат ағзасында өмір сүретін бактериялардың жалпы салмағы 2 келі болады;
9. Адам миында бір секундта 100 000 химиялық реакция өтеді;
10. Адам миында туғанынан 14 миллиардтай жасуша болады және өлгенінше ол көбеймейді. Керісінше, 25 жастан кейін күніне 100 мыңға азайып отырады. Кітап, газет оқуға кеткен әр минутта шамамен 70 жасуша өліп отырады;
11. Еркектер әйелдерге қарағанда 40 пайыздай артық терлейді;
12. Ересек адам күніне шамамен 23 000 рет дем алады (шығарады);
13. Бар өмірінде әйел адам ағзасы 7 миллион жұмыртқа жасушасын шығарады;
14. Адам көзі 10 000 000 түрлі түсті ажыратуға қабілетті;
15. Аузымызда 40 000-дай бактерия болады екен;
16. Көзді ашып түшкіру мүмкін емес;
17. Әйелдер көздерін еркектерге қарағанда 2 есе көп жыпылықтатады;
18. Ағзадағы ең мықты бұлшық ет — тіл;
19. Денемізде 7 кесек сабын шығаруға жететіндей май болатын көрінеді;
20. Денедегі жүйке тербелісі секундына 90 метр шапшаңдықпен ауысып отырады;
21. 36 800 000 — бір жыл ішіндегі адамдағы жүрек соғу саны;
22. Қолдың тырнағы аяқтағымен салыстырғанда 4 есе жылдам шығады;
23. Бар өмірінде адам терісі 1000 рет ауысады;
24. Сүйегіміздің 50 пайызын су құрайды.
Дерек көзі: kazakhstanzaman.kz