Тіл жоқ жерде ұлт жоқ

... Адамзат тарихында тіл жай қарым-қатынас құралы ғана емес, ол – саяси, экономикалық өктемдіктің де басты құралы болып келді. Н.НАЗАРБАЕВ *   *   * Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да, мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі... Мектебімізді  таза, берік, һәм өз жанымызға (қазақ жанына) үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады. * * * Ұлттың тілі кеми бастауы оның құри бастағанын көрсетеді. * * *

Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екіпінді тарихы, сары далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын мінезі көрініп тұр.

* * * Елдің елдігін сақтайтын - әдебиеті, тарихы, жол-жорасы. М. ЖҰМАБАЕВ   * * * Тіл дегеніміз – қай халықтың болмасын кешегі, бүгінгі ғана тағдыры емес, бүрсігүнгі де тағдыры. ***

Барлық халық пен барлық ұлт барлық ұлы және тамаша нәрселерді жасауға қабілетті. Әрбір адамзат өз ұлтын сүюге тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп оларды сүйе білуге тиіс.

Б. МОМЫШҰЛЫ   * * * Егер ертең туған тілім жоғалар болса, мен бүгін өлуге даярмын. Р. ҒАМЗАТОВ * * * Халықтың тіліне қиянат жасау – оның жүрегін жаралау. Г. ЛАУБЕ * * * Тіл жоқ жерде ұлт жоқ. Ш. АЙТМАТОВ   * * * Өз ана тіліңді қадір тұтпай тұрып, ел-жұртыңды сүйе алмайсың. К. Г. ПАУСТОВСКИЙ * * *

Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың баяғысын да, бүгінгісін де, болашағын да танытатын, сол халықтың мәңгілігінің мәселесі. Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары ғана оны аяққа басады.

Ғ. МҮСІРЕПОВ   * * * Ана тілін әркім-ақ қолданады, бірақ ол жеке адамның қарақан басы үшін жасалған дүние емес. Ә. ҚАЙДАР * * * ... Ана тілін білу, бәрінен бұрын, адам қоғамын сол кемтерлықтан – рух жетімдігінен, мәңгүрттіктен емдеу, тазарту деген сөз. З. ҚАБДОЛОВ * * *

Тұтас бір дәуір қазақтарды Ана тілінен айыруға қызмет етті. Сол Ана тілінен өгей қалғандар «жаңа идея», «жаңа теория» ашып, оны халықтың санасына сіңірмек болып, әрекет жасап жатыр. Ана бір Телемтаев деген оқымысты «Саф-сана» деген кітапша жазып, «Қазақстан ұлты» деген ұғым тудырды.

Ш. МҰРТАЗА * * *

Тіл сақталса, ұлт бар. Тіл сақталмаса, шетінен генийлер болып қалса да, ұлт болып есептелмейді. Ол не шайка болады, не мафия болады, не элита болады. Сондай бір бұзақылардың бас қосуы болып шығады.

*** Ешбір елде тілді ешкім айқаймен шешпейді. Ұлт болғысы келсе, қазақ болып туған соң қазақ тілін білуі керек. Ә. КЕКІЛБАЙҰЛЫ * * *

Президент «қазақша сөйлеңдер!» дейді. Ал президенттің айтқанын маңайындағылар орындап отыр ма? Жоқ! Бірде-біреуі орындап отырған жоқ. Есіктен шыға бере айтылған сөз айтылған жерінде қалады. Жиналыс біткеннің бәрі орыс тілінде жүреді. Басшыдан бастап, қосшыға дейін орысша баяндама жасайды. Қазақ үкіметінің кіндігі орыс тілімен бірге байланып туған. Мәселенің түп қазығы осында.

Ш. МҰРТАЗА   * *  *

Өз Отанына оралып жатқан қандастарымыздан басқаның бәріне квота жариялап, келем деушілерге де, қайта көшіп келушілерге де Тіл туралы Заңды көлденең тартуымыз керек. Олардың бәрінен бір ғана елдің азаматы болуын және өзге де өркениетті елдер сияқты мемлекеттік тілді күнделікті қолдану дәрежесінде білуді талап ету қажет. Бұл талап та халықаралық демократиялық принциптерге қайшы келмейді.

Д. ИСАБЕКОВ * * *

Ашығын айтсақ, мемлекеттік тілдің дамымай жатқанына бірден-бір кінәлілер – өз халқымыздың билік басындағы ұлтсыздары. Сырттан жау іздеп әуреге түспей-ақ қоялық.

М. ШАХАНОВ * * * Өздері орысша сөйлеп, жазатын балаларына дәл сондай тәрбие беретін адамдарды мен аяймын. А. ӘШІМОВ   * * *

... Қазақ баласы әуелі бесіктен ана тілін біліп, ұлттық тәрбиенің қайнарына сусындап өсуі керек. Ұлттық тамыры үзілмеген бала ғана кейін қанша тіл үйренсе де, өз тілін ұмытпайтын болады. Ал бала қазақша оқып-үйренбей жатып, оған басқа тілдерді тықпалау – меніңше, дұрыс емес.

А. БАҚТЫГЕРЕЕВА

*   *   * Қазақтың тілі – осы жердің кілті. Тілді білген адам қолына осы жердің кілтін де алады. М. ӘУЕЗОВ *   *   *

Қазақтілділерді «орыстілділер елден көшіп кетеді» деп қорқытпау керек. Керісінше, орыстілділерді қазақ тілін үйренуге, біздің мәдениетімізге жақындатуға шақыруымыз қажет. Бұл – ғаламдық процесс. Өркениетті елдердің тәжірибесі.

Болатхан Тайжан,