Мен жастарға сенемін!
2015 ж. 25 қараша
7112
2
ҚазҰУ-да «Мен жастарға сенемін!» студенттік жастар фестивалінің гала-форумы өтеді
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен «Жандану» экологиялық жобасы ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Жазушылар Одағы, «Жас Отан» жастар қанаты және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті күніне арналған «Мен жастарға сенемін!» атты студент жастардың үшінші патриоттық фестивалін өткізеді. «Қазақ радиосы» мен «Нұрмедиа» холдингі ақпараттық қолдау көрсетіп отыр.
Фестиваль студент жастардың Қазақстан болашағына деген патриоттық сезімі мен азаматтық жауапкершілігін, әлеуметтік белсенділігі мен рухын арттыруға бағытталған. Жастар еліміздің – ертеңі. Себебі, дәл осы ертеңгі елдің ажарын анықтаушы, Қазақстан дамуының болашақтағы бағыты жастардың азаматтық ұстанымымен тығыз байланысты.
«Еліміздің инновациялық дамуына менің қосқан нақты үлесім» атты студенттік инновациялық әлеуметтік маңызы бар жобалар байқауы, «Мен елімнің гүлденуі үшін не істей аламын?» атты үздік студенттік эссе, «Мен жастарға сенемін!» тақырыбындағы студенттік поэзиялық азаматтық-патриоттық шығармалар және «Мәңгілік ел мұратым!» патриоттық ән байқауы бойынша студенттік жұмыстар фестивальдің алғашқы кезеңінде бір ай көлемінде қабылданған.
Форум барысында қатысушылар тақырыптық пленарлық және шығармашылық секцияларға қатысады. Сонан соң беделді мамандардан құралған тәуелсіз сарапшылар әр байқау бойынша жеңімпаздар есімін жариялайды. 26 қарашада Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында өтетін гала-форумның салтанатты жабылу сәтінде жеңімпаздар мен қатысушыларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсырылатын болады. Фестивальдің ең басты сыйлығы – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да бір жыл тегін оқу гранты.
Өтетін уақыты: 26 қараша 2015ж. Басталуы сағат 16:00
Өтетін орны: Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайы
ҚазҰУ, Баспасөз қызметі 8 (727) 377 31 48/49