Білім министрлігі ұстаздардың оқушылармен сөзге келуіне тиым салды

Білім министрлігі ұстаздардың оқушылармен ерегісуіне тыйым салды. Енді мұғалімдерге жауапкершілік күшейтіліп, шәкірттерімен жанжалдасуға рұқсат етілмейді деп хабарлайды КТК арнасы.

Бірақ қателік екі тараптан да кетіп жатады. Сөзіне құлақ аспаған оқушыны ұстаздардың тоқпақтап алатыны жасырын емес. Оның соңы өлімге соқтырып жатқан жәйттер бар.

Десек те, мектепте оқитын ұл-қыздың да кейде жанжалға себепкер болатыны бар.

Алайда Білім министрлігі өмірлік тәжірбиесі мол ұстаздар қауымы жағдайды ушықтырмауы тиіс деп отыр.

Яғни кез-келген келіспеушілікті тоқпақпен емес, өзара түсінушілікпен шешілгенін қалайды.

Сөйтіп шенеуніктер білім ордаларында тәртіп орнатпақ ойда.

КТК арнасы