Қазақстанның бас прокуратурасы республика мектептерінде оқытылатын "Дінтану негіздері" пәнін сынға алды. Бұл туралы осы мекеменің сайтында хабарланған.
Прокурорлардың мәліметтеріне сай, 2011 жылғы оқулық "кей мәселелер бойынша еліміздегі діни қарым-қатынасқа қатысты жағдайға сай келмейді. Нақтырақ айтсақ, басылымда соңғы кезде кең таралған дәстүрлі емес діни ағымдар туралы мәліметтер аз келтірілген.
"Сонымен қатар, оқулықта әлемдегі діни лаңкестік пен экстремизмнің таралу себептерін және тарихын, осы құбылыстарға қарсы тұру формаларын, олардың псевдодіни табиғатын оқушыларға түсіндіретін тақырыптық бөлім қарастырылмаған", - деп хабарланады.
Прокурорларды дінтану пәні мұғалімдерінің біліктілігі де мазалайды. Еліміздің кейбір аймақтарында қайта даярлықтан өтпеген мұғалімдер сабақ жүргізуде. Сәйкес куәліктері жоқ мамандардың көпшілігі Ақтөбе және Шығыс-Қазақстан облысында жұмыс істейді.
"Білім және ғылым министрлігі осы пәннің сапасын қамтитын қажетті және толықтай шараларды атқармаған. Жекелей алғанда, қазіргі кезге дейін осы пәнен сабақ беретін мұғалімдердің біліктілігіне деген нақты талаптар айқындалмаған. Жоғарыда аталған себептердің жиынтығы осы пәнге оқушы жастардың діни білімін арттыратын, олардың арасында радикалды иедологияның таралуына кедергі болатын тиімді тетік ретінде қарауға мүмкіндік бермейді", - дейді бақылаушы орган өкілдері.
Естеріңізге сала кетсек, еліміздегі орта мектептерде 2004 жылдан бері 10-шы сыныпта "Дінтану негіздері" атты арнайы курс жүргізіле бастады. Сонымен қатар, осы пән бойынша 9-шы сыныпқа арналған типтік оқу бағдарламасы жасалып, бекітілген.
Оқу жүктемесінің көлемі – жылына 34 сағат немесе аптасына 1 академиялық сағаттан. Қосымша айта кетер жайт, 2013 жылы Дін бойынша агенттіктің тапсырысы бойынша жүргізілген әлеуметтік сауалнаманың нәтижесінде ел тұрғындарының 80 %-ы өздерін дінге сенуші ретінде белгілеген.
NUR.KZ