ҰБТ-дан құлап жатқандар көп
2014 ж. 04 маусым
1838
0
Ұлттық бірыңғай тестілеудің екінші күнінің қорытындысы бойынша түлектердің 20% астамы ең төменгі көрсеткішті 50 балды жинай алмады деп хабарлайды республиканың білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
Ағымдағы жылдың 3 маусымда, ҰБТ-ның екінші күні тест тапсыруға 17 351 түлек қатысты.
Ведомствоның мәліметінше, тест 60 пункт базасында тапсырылды.Тәртіп бұзғаны үшін 3 талапкер аудиториядан шығарылды.
"Ең төменгі көрсеткіш 50 баллды 3 883 (22,4%) түлек жинай алмаған. 2013 жылы бұл көрсеткіш 6 895 (31,7%) болған", - делінген хабарламада.
Тест тапсырушылардан 2 307 ұялы телефон, 2 641 шпаргалка, 83 калькулятор, 13 фотоаппарат, 4 рация табылған, 2 блютуз, 1 қол сканері, 1 кеңсе пышағы табылған.
Екінші күннің қортындысы бойынша, ең жоғары 125 баллды Алматы қаласындағы №159 лицейдің түлегі Марат Әсия Жандосқызы жинаған.
2 012 түлек (11,6%) 100-ден астам балл жинаған.
2013 жылы мұндай нәтижеге 1 837 (8,4%) түлек қол жеткізген болатын.
Екінші күнгі ҰБТ балы орта есеппен алғанда 75,7-ні құраған (2013 жылы – 73,9 балл).
nur.kz