ҰБТ республиканың 155 пунктінде өтеді, барлығы 92 мың 77 мектеп бітіруші түлек қатысады. Алғашқы күні, 2 маусым, ҰБТ 61 пункте өтеді, онда 27 мың 670 оқушы өз білімін сынайды.
Осыған дейін хабарланғандай елімізде «Алтын белгіге» үміткер 4 мың 400 оқушы бар.
ҰБТ жалпы форматы өзгеріссіз, өткен жылдардағы тестілеу нобайы бойынша өткізіледі.
Тестілеудің сатылы деңгейі - 50 балл, ал жалпы медицина мамандықтары үшін – 55 балл, Ұлттық жоғарғы оқу орындарына түсу үшін – 70 балдан төмен жинамау қажет.
Ең жоғарғы көрсеткіш – 125 балл.
ҰБТ қазақ және орыс тілдерінде, бес пән бойынша өтеді: қазақ не орыс тілі (оқыған тілі), математика, Қазақстан тарихы, орыс тілді мектеп оқушылары қазақ тілін, ал, қазақ мектептерінің түлектері орыс тілін тапсырады, сонымен қатар, мамандық бойынша профильді пән. Мамандық бойынша таңдалған пәннен кемінде 7 балл алу керек.
Астана қаласында ҰБТ Л. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университеті, С. Сейфуллин атындағы аграрлық университеті және Қазақ заң және гуманитарлық университеті базаларында өтуде.
ҰБТ маусымның 8 күні аяқталады.