ҰБТ-ны сәтті тапсыруға арналған дұға шықты
2014 ж. 29 мамыр
3133
1
Ұлттық бірыңғай тестілеуді сәтті тапсыруды қалайтын түлектерге арналған дұға шықты.
Имамдардың сөзінше, тесттен сүрінбей өту әуелі Алланың, содан соң оқушының дайындығының қолында. Имамдардың сөзінше, болашағына үлкен үміт артып отырған тест тапсырушылар сынақты "біссіміләдән" бастап, Алладан көмек пен жеңілдік сұрап емтиханға кіріскендіктері абзал.
Алматыдағы орталық мешіт имамдарының пікірінше, алғашқыда 3 рет Фатиха сүресін оқып, артынан ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған дұға айтқан түлектердің сынақ сағатында жүгі жеңілдемек.
Дін өкілдерінің айтуынша, арнайы дұғаны неғұрлым көбірек айтқан абзал. Тіпті тест тапсырушы сұрақ кітапшаларын тапсырып болғаннан кейін де, қайталап айтуға болады екен.
Десе де, имамдар тәлімгерлер дұғадан бөлек, тестілеуге жауапты дайындықтың да керек екендігін ұмытпауды ескертуде.
"Алаш айнасы"