Тұрсын ЖҰРТБАЙ: “Қазіргі біздің білім жүйесі тек экс­пе­римент алаңы”

image75840Біз білім жүйесін толықтай құлды­ратып алдық. Қазіргі күйіміз 1966 жылғы жаппай орта мектепті бітіру туралы қаулының деңгейінен де төмен жағдайда деп ойлаймын. Дү­ниежүзіндегі білімнің ең озық түрі – гер­мандық үлгідегі жүйе. Ол кәдімгі бастауыш мектеп, орта мектеп, толық орта мектеп жүйесі. Қалған білімнің барлығы да осы ірге­тастың үстіне қаланады. Одан кейін барып, гимназиялық, колледждік, бакалавр, магистр­лік, аспи­рант­тық дәрежеге көтеріле беруге болады. Ал білім жүйесі жөнінде 2006 жылға дейін өзгерістер жасау туралы ұмты­лыстар бол­ды, басталды, сол күйінше қалып қойды. Біз қазір не германдық, не бұрынғы кеңестік, не америкалық үлгіде емеспіз. Не өз бетімізше жол тапқан жоқпыз. Үш жүйенің қойырт­пағы болып тұрмыз. Сыртымыз еуропа-америкалық жүйе сияқ­ты. Қазіргі орта мектепті бітірген бала көбейту кестесін жатқа білмейді. Өйткені, 2-3-ші сыныптарда талап ретіндегі жүзеге асырылмайды. Көбейту кестесін білмеген бала қай тілде болсын, тіпті ана тілін керемет мең­герсе де, сауатсыз күйінде қалады. Техника үнемі адамның қол астында тұрмайды. Ал адамның ойлау жүйесі сәт сайын шешім қабылдауды қажет етеді. Ең бірінші бас­тауыш білімді бала ана тілінде алу керек. Себебі, бұл бала санасының қалып­тасу ке­зеңі. Нейро-лингвистика деген ғылым бар. Сол ғылым бойынша ғалымдар­дың ашқан жаңалығы адам таңғаларлықтай. Адам миы­ның ойлау жүйесі – 1 мен 3 жас ара­лығында қалыптасады екен. Адам миы­ның сол жақ ми бөлігі дыбысқа, ойлауға, сөйлеу процесіне жауап береді. Және бүгін туған нәрестенің жұлын жүйкесінде, ми қабында оның әкесі немесе атасындағы емес, тура жетінші атасындағы тектік негіз бар, сол қалпында балаға дариды. Ол баланың ды­быс­ты қабылдауына, сөйлемді жеткізуіне, бастау­ыш пен баяндауыш­ты байланысты­руына, ойлануына қаншама күш кетеді. Бірақ бала мұны тез үйреніп кетеді. Себебі жетінші атасы осы тілде ойланды, сөй­леді. Орыс тілінде тілі шыққан баланың өжеттеу және көп нәрсеге кон­сервативті түрде қа­рай­тынын мойындай­мыз. 1 мен 5 жас ара­сында баланың миы дамып, өзінің бұ­рынғы генетикалық тегіне деген қарсылық пайда болады екен. Генетикалық тегін жо­йып шық­са, ол қазақ болып қалмайды. Орыс тілінде тілі шық­қандардың өз тіліне деген жеккөрінісі оның жай көзқа­расында ғана емес, ең бірінші жүйке жұлын жүйе­сінде жатыр. Осы мәселе жөнінде қан­шама халықаралық кон­ференция өтіп, үлкен жаңалық ретінде тір­келген. Әлемде неге гене­тика ғылымы 70-80-жылдары күрт ілге­рі да­мыды да, Кеңес үкіметінде кенже­леп қалды? Өйткені, олар бодан елдің санасын тұншықтырғысы келді. Қазіргі қазақ тілі, ма­тематика секілді пәндердің оқулықта­рын­дағы кейбір тер­мин­дерді бала тұрмақ, отыз кітап шығарған ғылым докторы, профессор мына мен түсінбеймін. Қолдан жасалған тіл, қолдан жасалған буын. Әліппедегі өлеңдер­дің өзін үлкен адамдар жаттай алмайды. Ондағы ырғақтарды әлі былқылдап тұрған сана қа­былдайтын сөздер емес. Психолинг­вис­тиканың заңдылығына бағынбай, оқу жүйесін алға сүйрей алмаймыз. Ең бастысы, үшінші сы­ныпта көбейту кестесін мең­гер­меген бала, оны өмір бақи меңгермей кетеді. Неге сыныптарға бөліп оқытады? Өйткені, адамның миы, ойлау жүйесі қат-қабатымен бірте-бірте қалыпта­сады. Шатырды саламыз да, іргетасын тоғы­зыншы-оныншы қабатқа келгенде тұрғыза бас­­тай­­мыз. Біздің білім жүйесі тура осылай. 12-жылдық­қа көшкелі жатырмыз. Осының жүйе­сі қандай? 12-жыл­дықты бітірген бала маман болып шығу керек. Содан кейін үш жыл оқып бакалав­риатты алуға болады. Қазіргі біздің бұзылған оқу жүйесінде магистрант­тың білім деңгейі бұрынғы бакалаврға жетпейді. «Абай жо­лын» оқымаған, Бе­йімбет Майлинді білмей­тін­дердің әдебиет­танумен айналасып жүр­гендері бар. Өзі оқыған шығарманы талдамақ түгілі, маз­мұн­дап бере алмайтын пейдж докторлары жеткілікті. Себебі, олар әу баста тест жүйе­сімен білім алған. Ал тест жүйе­сінде оқудың қажеті жоқ. Ол оқыған мектепте Абайдың философиясына бойлаған жоқ, тек тест жаттауға дайындады. Кейбір жоғары оқу орындары мектептердегі пәндерді қайта оқытатын курстар ашуда. Бұл студенттің оқып, оқығанын сөйлеп жеткізе алуы үшін амалсыздан барып отырған шара. Менің ойымша, бұрын білім саласында сауатсыз­дықты жою қозғалысы бар болса, қазір сауатсыздандыру қозғалысы жүріп жатқан­дай көрінеді. Қазіргі біздің білім жүйесі тек экс­пе­римент алаңы. Орта білімді адамның дәре­жесі мына­дай, жоғары білімдісі мынадай болады деген талап жоқ. Мысалы, мен әде­биеттен сабақ беремін. III-IV курстарда «XIX ғасыр әдебиеті» деген бірнеше се­местрлік бағ­дарламалар бар. Лекцияны қанша созсақ та бұл аралықтағы әдебиет мұнша көп оқытуға жет­пейді. Оның есесіне, 40-60-жылдардағы қазақ әдебиетіне 1 се­местр уақыт белгілеген. 2 айдың ішінде өзгесін былай қойғанда «Абай жолын» оқып бітірудің өзі мүмкін емес. «Абай жо­лын» талдап оқымаған адам, қалайша фи­лология ғылымының маманы болады?

"Намыс" порталы