Студенттердің шәкіртақысы артады - Елбасы
2014 ж. 17 қаңтар
1607
3
2016 жылдан бастап студенттердің шәкіртақысы артатын болады.
«Жоғары үлгерімі бар студенттерді қолдаудың тиімді жүйесін құру қажет деп санаймын. Үкіметке 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап шәкіртақы көлемін 25 пайызға арттыруды қамтамасыз етуді тапсырамын»,- деді Президент бүгін Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында.
Елбасының айтуынша, 2050 жылға дейін Қазақстанға ұлттық білім берудің барлық буындарын жақсарту бойынша елеулі жұмыстар бар.
Қазақпарат