Білім министрлігі мемлекетке 10 млрд теңге қарыз

jpg1111111111111111111111111111111444444444444444444444444444444444444444444444"e-learning" бағдарламасы тағы үлкен даудың ортасында қалды. Білім министрлігі жүйені орнатқан компанияға 10 миллиард теңге қарыз болып қалған.

Енді соңғысы сотқа жүгінбек. "Заңгерлерімізбен кеңесіп жатырмыз. Министрлік алдын-ала 5 миллиард теңгені төледі. Ал, қалған қаржыны өтемей отыр. Министрлік болса, "берешегімізді "e-learning" бағдарламасына бөлінген бюджет қаржысының қысқаруына байланысты төлей алмай отырмыз" деп ақталды", - дейді "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасы Руслан Еңсебаев. Тіпті тапсырысты толық орындаған компаниямен келісімді бұзбақ. Сөйтіп берешекті қайтаратын түрі жоқ. Ал тапсырысты орындаушылар "биыл 500-ден астам мектепке компьютер және интернет кіргізіп, жаңа жобамен жұмыс істеудің әдісін үйретіп қойып едік" деп шырылдап отыр. Ең қызығы, миллиардтар жұмсалып жасалған бұл жобаны оның авторлары Мәжіліс қабырғасына келіп, "e-learning"-тің балаға не беретінін түсіндіре алмай сасқан еді. "Көптеген мектептер ғаламторға қосылмаған. Ал, "e-learningе"-пен жұмыс істейтін маман жоқ. Білім министрлігі жаңа жобаны қолға алғанда, оны оқушыға үйрететін мұғалімнің керек екенін ескермеген. Бір сөзбен айтқанда, орта білім беру саласы жалпы бұл бағдарламаны қабылдауға дайын емес", - дейді Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева.

"КТК" телеарнасы