Оқулықтағы порнография ата-аналардың ашуын тудырды

dzhon_apdajk_kentavrМектептегі порнография! Ата-аналар дүниежүзіне танымал атақты жазушы Джон Апдайктің "Кентавр" атты шығармасының білім ордаларында оқытылуына қарсы шығуда. Білім министрлігі америкалық жазушының "Кентавр" атты романын 6-сыныпқа арналған хрестоматияға енгізген. Жалпы, бұл шығарманың 12 жастағы ұл-қызға  арналмағанын сарапшылары да мойындайды. Алайда, біз Кентаврдың ұстаз кейіпіндегі үзіндісін ғана қиып алдық, төсек қатынасы мүлде жазылмаған - деп бет бақтыртпай отыр.Себебі 6- сыныптың хрестоматиясында келтірілген романның толық нұсқасында жыныстық қатынас ашық суреттелген. Ал шығарма Білім министрлігі мектепте бекіткен оқулықтар санатына жатады екен. Іші анайы әңгімеге толы "Кентаврды" бастан-аяқ оқып шыққан ата-аналар романды бағдарламадан мүлдем алып тастауды талап етіп отыр. "Апдайктің төсек қатынасына негізделіп жазған романдары бар. "Кентавр" да ересектерге арналған. Бірақ бұл оқулықта келтірілген үзіндіде төсек қатынасы туралы бір сөйлем де жоқ. Ұстаздар да балаларға шығарманы толық оқуға кеңес берген емес. Ата-аналардың өздері интернеттен оқыған шығар", - дейді филолог Любовь Рыгалова. Оқушының ой-өрісін кеңейтеді деп жүрген "Кентавр" романында бәрі басқаша. Жасөспірімдерге жыныстық қатынасты ашық жарнамалайды. Зиммерман Осгуд сұлуға төніп тұрып құлағына сыбырлады. Ал көзімен төсінің айналасын аймалады. Оның жеңіл жүрісті екенін, тіпті қозып тұрғанын  оқушылар да байқады. **** Хирон, - деп бұйырды ол, - Менің құшағыма енші. Оның жүрегі қабырғасына жабысып қалғандай, ал қолдары дірілдейді. - Қараңғыға жасырып қоятындай махаббат соншалықты жиеркенішті ме? Әлде сен мені зинақорлығым үшін жек көріп тұрсың ба? Бірақ сен ғалым ретінде  ғұсыл құйынғаннан кейін қыздығым қайта қалпына келетінін білуің керек қой. Романды толық оқып шыққандар да Білім министрлігі ұстаз кейіпіндегі  нәпсіқұмар Кентаврдан балаларды құтқару керек дейді. "Мысалы, мектептің директоры мұғалімнің сабағына қатысып отырып, жас қызбен көңіл көтеріп отырады. Мына бағы ашылмай қойған Білім министрлігі  осы білім бағдарламаларын түгел қайта қарап шығу керек", - дейді журналист Есей Жеңісұлы. Мектеп оқушыларын 12 жастан төсек қатынасы мен жеңіл жүріске желіктіріп жүргендерінен еліміздің бас ұстазы хабардар екен. "Ол кітапты  өзім де оқып шықтым. Біз сараптама жасайтын оқулықтар орталығына сұрау жібердік. Қазір жауап күтіп отырмыз", - дейді ол. Джон Апдайк әлемге порнографиялық шығармалардың авторы ретінде танымал. Оның еңбектеріне тіпті өз Отанында да тыйым салынған. Жазушының төсек қатынасы мен ерлі-зайыптылардың бір-бірінің көзіне шөп салуы егжей-тегжей суреттелген романы 1980 жылдары АҚШ-тағы төрт мектептің  бағдарламасынан алынып тасталған.

Ирландияда жазушының "Қоян, қаш!" атты шығармасына қатаң тыйым салынған. Ал, біздің еліміздің Білім министрлігінің арқасында әлемде үлкен шу тудырған шығарманы  ұл-қыз еркін оқып жатыр.

"КТК"