Сотталғандар мектепте мұғалім болып жүр

832fb4d5e14008a7e31000ba371dc641Ақтөбе облысында бұрын сотты болған 60 адам балаларға дә­ріс беріп келіпті. Облыс прокурорларының өздері «соттылығы жойыл­ма­ған 60 бірдей адамның мұғалімдік қызметке қалай алынғаны» деп жағаларын ұстаған. Мектеп қабырғасындағы оқушылардың қауіп­сіз жүруін алдымен ойлауға тиісті білім басқармасындағылар сот­талған адамның белгілі бір мерзімі өткенше мұғалімдікке қабыл­данбайтынын қаперлеріне алмаған. Сол туралы заңдылықты сақ­та­маған.  Өкілетті заң органдарының за­ң­ды­­лық­­­ты сақтауы жөніндегі тексеру­лері­нің қо­ры­тындысы жария болған алқа мәжілісін­де Ақтөбе облысы прокуро­рының са­уал­дарына білім басқарма­сының бас­шысы Жанат Самұратова да ләм-мим деп жауап бере алмады. Не деп жауап берсін. Хром­тау ауданында тіпті соттылығы жо­йыл­маған адам түрмеден шыға сала де­не­шы­нықтыру пәнінің мұға­лімі қызметіне кірі­сіп, тағы адам өлтіріп тынған. Шалқар ауданында қылмысқа тартылған мұғалім әлі жұмыс істеп жүр. Қызылордада мұға­­лім болып жүріп сотталған адам­ды Мұ­ғал­жар аудандық білім бөлі­мі жұмысқа алған. Істі болған мұғалімдер Ақтөбе қа­ла­сында да бар. 2006 жылы мектептегі ба­ла­лар­­мен келеңсіз оқиғаға қатысты жұ­мыс­­тан үш жылға шеттетілген мұғалім жаза мерзімі бітпей, тіпті бірнеше айдан кейін қайта орнына қабылданыпты. Маратбек МЫРЗАМҰРАТОВ, Ақтөбе облысы прокуратурасының бірінші басқармасының бастығы: – Білім туралы заңда егер сот­ты­лығы жойыл­маған болса, ұстаз­дық жұмысқа алын­байды деп жа­зылған. Хромтау ауда­ны­ның Сары­сай мектебінде бұрын адам өлтіру қылмысымен тоғыз жылға бас бос­тан­дығынан айырылған адам мектепте денешынықтыру пәні­нен дәріс береді. Ол мерзімінен бұрын 2008 жылы бостандық­қа шық­қан екен. Шыға сала мұғалім­дік жұ­­­мысқа тұрыпты. Әрине, сот­ты­лығы аяқ­тал­ған адамдардың жұмыс жасауына тіке­лей кедергі кел­тіре алмаймыз. Бірақ олар­дың балалармен жұмыс жасауына, мек­­теп­терге тұруына тыйымның болғаны керек. Білім және еңбек кодексінде зорлау не істі болғандар үшін білім беру мекеме­ле­­рінде шек­теу болу керек деп ойлаймыз, – дейді. Облыстық прокуратураның ке­зек­ті алқа жиынында мәлім болған­дай, кейбір мектептерде мұғалім­дер­дің өздері оқу­шысын суицидке итер­мелеген оқиғалар болған. Мұ­ның ішінде тек екі дерек құ­зыр­лы орын­дарда тіркеліпті. Тіркелмей, «жа­бу­лы қазан» күйінде жасырылып қал­ған­­дары қанша екені бір құдайға аян. Нұрғалым ӘБДІРОВ, Ақтөбе облысының прокуроры: – Прокуратура тарапынан мектептерде тиісті комиссия құрып, талдау жұмыстарын жүргізу жөнінде облыс әкіміне хат жолда­дық. Ол балалардың ішінде міндетті бір ка­те­горияны анықтауға құрылған. Тәртіп­сіз­­дікке жол береді-ау деген балалармен пси­хологтер жеке жұмыс жасауы керек. Ке­ңес Одағы кезінде де арнайы сабақтар болды. Сондай арнайы сабақтар енгізу керек пе деп ойлаймыз. Себебі биыл 37 бала өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенген. Жағдай қайталанбас үшін жасалынатын жұмыстар осыған бағытталуы керек. Мұ­ға­лімдер қол көтеріп, оқушысымен керіс­кен деректер де бар. Мектепте бұл жайлы жасы­рып келген, тек прокурорлардың тек­серуінен соң ғана анықталды. Қаралған мәселелердің бірі кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушы­лыққа жол бермеу болды. Сонымен бірге жас­өспірімдердің өзіне-өзі қол жұмсауы­ның алдын алуға арналды. Өйткені жас­өс­пірімдер арасында өз-өзіне қол жұм­сау­шылар көбейген. Өткен жылы жеті жас­өс­пі­рім өмірімен ерте қоштасса, биыл­ғы жылдың тоғыз айында осындай 10 оқиға болды. Ал 37 жасөспірім өзіне қол жұмсауға әрекет еткен. Прокурорлар жасөспірімдердің өзіне-өзі қол жұмсауы Ойыл, Мұғалжар, Шалқар ауданында көбірек орын алды деп отыр. Балалардың суицидке баруына әлеуметтік жағдайларының төмен болуы, ішімдік пен нашақорлық, бала кезінде зорлық көруі, психикасының өзгеруі, отбасындағы және қатарларымен болған кикілжіңдер негізгі себеп болып отыр. – Профилактикалық есепте тұрған бірнеше жасөспірім бірнеше рет қосымша қылмыстар жасаған. Егер тиісті профилактикалық жұмыс жүрсе, олар полиция мен мұғалімдердің әрдайым бақылауында болса, қайтара қылмыс жасамас еді. Жасөспірімдер қылмысының алдын алумен айналысатын қала әкімдігіндегі арнайы комиссия тек қағаз жүзінде жұмыс жасап келген. Тіпті қағазды да дұрыс толтырмаған. Комиссия отырыстарының хаттамалары жазылмаған. Толтырылған хаттамаларда көрсетілген шаралардың өздері іске аспаған,– дейді Ақтөбе облысы прокуратурасының бірінші басқармасының бастығы Маратбек Мырзамұратов. Жасөспірімдер арасында күш көрсету, қыздарды зорлау секілді қылмыстың ауыр түрлері де белең алған. Қылмыстың бірқатарына интернет желісі арқылы танысу себеп болуда. Жақында Ақтөбе қаласындағы №9 орта мектептің оқушы қызының әлеуметтік желі арқылы танысып, қарақшының қолынан мерт болғаны көпшілікке белгілі. Мұндай оқиға Хромтау қаласында да орын алды. Сондықтан ата-аналар балаларының түнге қарай интер­нет-клубтарға бармауын қадағалаулары керек. Ақтөбе облыстық прокуратура алқасы жергілікті атқарушы және өкілетті органдарға жасөспірім­дер арасындағы қылмыстың алдын алу, олардың қылмысқа бару себептерін анықтау және басқа алдын алу шаралары бойынша ұсыныстар жасады. Қазақстан Республикасы Үкіметі арқылы бұрын сотталған адамдарды мұғалімдікке қайтып алмау туралы заңдылықтарға өзгерістер енгізу туралы ұсыныстарын хаттамаға тіркеді. Биылғы жылдың тоғыз айында кәмелетке толмаған 196 жасөспірім қылмыстық жауапкершілікке тартылса, олардың дені мектеп, лицей және колледж оқушылары екен. Еш жерде оқымайтын 62 және жұмыс істемейтін 52 жасөспірім қылмыс жасаған. Қылмыс жасаған­дар­дың басым көпшілігі ұялы телефондарды ұрлап, тартып алу сияқты қылмыстар жасаған. Облыс бойынша жасөспірімдер арасында онша ауыр емес – 65, орта дәрежеде 224 қылмыс тіркелді. Сондай-ақ 12 ай­рық­ша ауыр қылмыс жасалды.

"Алаш айнасы"