Қазіргі қазақ білім жүйесіндегі үш басым бағыт

defcua5neoshaultҚазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қызылорда облысына ресми іс-сапары кезінде өңірдегі зияткерлік химия-биология мектебінде болды. Жұмыс барысында ел Президенті Қызылорда облысының білім саласындағы жаңа әдістердің орындалу барысымен танысты. Ел басшысы зияткерлік мектептің ең басты артықшылығы – оған талапты, оқ бойы озық оқушылардың таңдалуында екенін айтты. «Ғылымның болашағы – биология пәнінде. Болашақ биолог мамандарды даярлау – болашақ ғалымдарды даярлау», – деді Елбасы. Сонымен қатар Ел басшысы еліміздің білім жүйесіндегі басты бағыттарды атап өтті. Олардың алғашқысы апатты жағдайда тұрған мектептер мәселесін шешу. Екінші мәселе, оқушылардың үш аусымда білім алуына тоқтау қою. Үшіншіден, мектепке дейінгі даярлық сыныптарына мән беру керек. Қызылорда облысы бойынша мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің даярлық сыныптарына баруы 100 %-ды құрайды. Бұл – жақсы көрсеткіш. Елбасы Қызылорда облысының педагогтары мен мектеп оқушыларын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, табыс тіледі.