Терең білім – тәуелсіздігіміздің нақты тірегі

Терең білім – тәуелсіздігіміздің нақты тірегі

Қазіргі таңда дамудың басты тетігі ретінде – заманауи әрі сапаға негізделген білім беру жүйесі анықталады. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Терең білім – тәуелсіздігіміздің нақты тірегі, ақыл – ой – азаматтығымыздың белгісі» деп өз тұжырымында атап көрсеткендей, білім саласының ісінің дамуына мән беру керектігін көрсетеді. Әрбір елдің өркендеуі, дамуы және тәуелсіздік тұғырының биік болуы қасиеттері саналы ұрпақтың сапалы білім деңгейінің өсуімен анықталатындығын көрсетеді. Қазіргі таңда тек қана сапалы білім алып қоймай, оны әлемдік өзгерістерге сай қолдану үшін бәсекеге қабілетті болудың маңыздылығы да жоғары. Сапалы білім, бәсекеге қабілетті тұлға, заманауи білім саласының даму тенденциялары деген ұғымды ойымызға алған сәттен, көз алдымызға талай түлектердің ордасына айналған қара шаңырақ ҚазҰУ – нің елестері анық. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары ішінен суырылып алға шыққан, әлемнің дамыған университеттері қатарынан алдыңғы орынды иеленетін ҚазҰУ талай жанның бақ жұлдызын жандырған киелі шаңырақ екендігін көріп жүрміз. Қазақ Ұлттық Университетінің экс – ректоры Ғ.М.Мұтанов: «Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ – өзіндік ішкі салт - дәстүрлерге бай, көпжылдық білім саласындағы және ғылыми жұмыстарды орындауда тәжірибесі мол, еліміздің даму болашағы үшін маңыздылыққа ие бірден – бір жоғары оқу орыны» деп көрсеткен болатын. Жастық пен шабыттың, білім мен өнердің бастауы болған қара шаңырақтың өз студенттеріне берері таусылған емес. Әр жылғы университет қабырғасында орын алып жатырған түрлі өзгерістер біздің білім саласындағы дамуымыз үшін өте маңызды. Қазіргі таңда университет құрамында 14 факультет, 98 кафедра және 20 ғылыми – зерттеу институттары мен орталықтарының бар. Университет қабырғасында ақылы мен парасаты жарасқан, білімі мен біліктілігі жарасқан ұстаздар өз студенттеріне тек білім беріп қоймай, олардың даму болашағы үшін түрлі іс – шараларға қатысуға мүмкіндік беріп отырады. Қара шаңырақ ҚазҰУ – нің құрамында өзінің жоғары жетістіктерімен бірден көзге түсетін факультеттердің бірі ретінде «Экономика және бизнес жоғары мектебі» анықталады. Аталған факультеттің құрамында білім мен ғылымға деген құштарлығы мол, сапалы білім мен рухани даму қасиеттерін бойға жинауға көмектесетін ұлағатты ұстаздар қызмет етеді. Факультет ұстаздары өз студенттері бойына заманауи сапалы білім мен көшбасшылық қасиеттерді сіңіру мақсатында түрлі тренингтер мен семинарларды өткізеді. Бұл студенттің университет қабырғасында жүріп, дамуына, рухани тұрғыда өсіп – толысуына үлкен мүмкіндік береді. Әр талапты, таланты және білімді жастар – ҚазҰУ сынды жоғары оқу орының білім нәрімен сусындаған, рухани қасиеттерді бойына сіңірген ҚазҰУ жастары деп айта аламыз.

Қырықбай НҮСІПЖАН

ҚазҰУ-дің Экономика мамандығының 4-курс студенті