КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ БАСТЫ НАЗАРДА

КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ БАСТЫ НАЗАРДА

       ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен білім беру жүйесін қайта форматтау және экономиканың қажеттіліктеріне сай кадрлар даярлауды қамтамасыз ету мәселелері жөнінде кеңес өтті.

          Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында «Қазақстан Республикасындағы жаңа кәсіптер мен құзыреттер атласы» әзірленіп, ол 2020 жылы бекітілді. Құжат 2025 жылға дейінгі халықтың табысын арттыру бағдарламасына енгізілген. Атлас 9 басым бағыт бойынша жүзеге асырылады. Қазақстанда жойылып бара жатқан 129 мамандық тіркелген, 95 мамандық трансформациялау барысында 239 жаңа мамандық пайда болды.

       2022 жылы ҚР жоғары оқу орындары 91 инновациялық бағдарлама әзірледі, 2025 жылға қарай оны 200-ге дейін жеткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар техникалық даярлау бағыттарына мемлекеттік тапсырыстың үлесі 60%-ға дейін ұлғайтылды. Биыл Қазақстанның 406 өнеркәсіптік кәсіпорны 406 ТКББ колледжін қамқорлыққа алған. Олар оқушылардың өндірістік практикадан өтуіне жағдай жасайды және түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша өздеріне белгілі бір міндет алады. Колледждерде техникалық даярлау бағыттарына мемлекеттік тапсырыс үлесі 40%-дан 70%-ға дейін ұлғайтылды.

qazaquni.kz