«Жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсау кезіндегі психологиялық факторы»

Дүниежүзілік денсаулық сақтау мекемелерінің мәліметіне сүйенер болсақ, жыл сайын әлемде өз-өзіне қол салудан 1 млн адам қайтыс болады екен. Жыл сайын осындай жолмен адамдардың өмірден өтуі өлтіріп кету және әскери қақтығыстағы көрсет­кіштен де жоғары болып отыр. Өкі­нішке орай, бүгінде суицид «жаса­рып» келеді. Өзіне қол салу 15-34 жас аралағында кездесетін өлімнің себебі болып отыр. 15-24 жастағы бойжеткен мен бозбалалар ішінде суицид «№2» қылмыскер болып саналады. 14-24 жастағылардың 30 пайызында өзіне қол салу туралы ой туындайды екен. Жасөспірімдердің 6 және қыздардың 10 пайызы суицидтік қа­дамға барады. Қылмыстық істерге байланысты талдау және кәмелеттік жасқа толмағандардың өзіне қол са­луының мән-жайын тексеру нәтижесі осындай өлімнің 62 пайызы отбасы­лық кикілжіңде, сәтсіздікке, үлкендер жағынан көрсетілген әлімжеттіктен қорқуға, бірқатар мұғалімдердің ожыр­лығына, ұстаздар, оқушылар, достар арасында кездесетін шиеленістерге байланысты екенін көрсетті. Осыған байланысты Қазақ­стан­ның «Ақ жол» Демократиялық пар­тиясы Атырау облыстық филиалы Жастар қанатының ұйымдасты­руы­мен «Жастар мен жасөспірімдер ара­сындағы суицид пен қауіпті іс-әре­кет­тің алдын алу» тақырыбында об­лыстық семинар болып өтті. Семинарға қалалық білім беру бөлімі бойынша орта мектептер мен кәсіби-техникалық колледждерінің психологтары және әлеуметтік педагогтар қатысты. Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гу­манитарлық колледжінің педагог-психологі Рабай Күнайым семинар барысында «Өмір мен тағдыр өзек­тес» тақырыбында жасөспірімдер арасында кез-келген жағдайдағы қауіпті іс-әрекеттің алдын алу ба­ғы­тындағы психопрофилактикалық жұмыстарға тоқталып, жастар бо­йын­да «Өмір», «Өмірдің мән-мағы­насы» туралы түсінік жұмыстарын жүргізудің маңыздылығын айтып өзінің іс-тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ сөз кезегінде бір жақты түсіндіру, баяндаумен шектелмей, қатысушылардың барлығына ортақ сұрақ тастап, тренинг, релаксациялық жұмыстарын жүргізді. Сөз соңында бірлік пен көзқарасымыздың арасы алшақтамай жастарды жат ағым кө­шіне ілестірмеудің ең тиімді жолда­рын бірлесе шешудің жолы – біріккен іс-әрекет деп аяқтады. Сонымен қатар, облыстық психиа­триялық жүйке тамырлары ауруха­насының психологі Ақмарал Шарипова қазіргі таңда 8 ай ішінде жастар мен жасөспірімдер арасында Атырау облысы бойынша өз-өзіне қол жұм­сау әрекеті төменгі пайызын құрап отырғандығын атап өтті. Шараның ұйымдастырушысы партияның Жастар қанатының жетекшісі Руслан Хамза аталған облыс­тық семинарға қатысушыларға бү­гінгі жастар мен жасөспірімдер ара­сындағы суицидтік әрекеттің алдын алу жұмыстарын одан әрі жүр­гізу керектігін және әр адам баласын қауіптен аман алып қалуға белсенділік танытуға шақырды. «Ақ жол» ҚДП-сы Атырау облыстық филиалының баспасөз қызметі