ПАНАСЫЗ СТУДЕНТТІ КІМ ОЙЛАЙДЫ?

                Студенттік өмір – қызығы мен шыжығы мол, қайғысы мен қуанышы қатар жүретін, алғаш рет шынайы өмірдің дәмін татып, өз бетімізше шешім қабылдауды, өмір сүруді үйрететін үлкен өмірдің алғашқы баспалдағы іспеттес.Әсіресе, арманның ақ қанатына ілесіп, алысқа самғауды қалап,ауылдан арман қуып келген жастар үшін Астанада, Еуразия Университетінде, білім алу – үлкен мақтаныш. Әр саналы адамның іздейті­ні, ұмы­ты­латыны, әрине – білім. Ал­ғаш­қы бұйрығы «Оқы!» деп келген Ислам діні де ең әуелі білімге шақырады.Білім іздеу – мұсылман әйелге де, ерге де па­рыз. Құранның 670 жерінде ілім-бі­лім жайында айтылған. Өзін мұсылман­мын деп есептейтін әрбір пенде тал бесіктен, жер бесікке дейін білім іздеуі тиіс деп есептеймін. Сол себепті, біз, сту­денттер, шынайы, құнды білімнің нәрін татып, алаңсыз оқуымызға да­йындалып, өз кәсібіміздің білгірі, елі­міздің мәртебесін асқақтататын білім, ғылым иелері болуды көздейміз. Әрбіреудің көкейіне ой салып қоз­ға­ғым келген мәселем де сол білімнің төңірегінде. Өзіміздің сүйікті Еуразия Ұлттық Университетінің қабырғасында білім алып жатқан жастарды ойлан­ды­рып жүрген күрмеуі көп, шешімі жоқ сауал жөнінде. Университетте білім алуға барлық жағдай жасалған. Қашан да алға тар­татын ұстанымымыз – осы. Шетелдік ЖОО-мен терезесі тең, керегесі кең. Жыл сайын шетелдік сарапшылар жүргізген зерттеулер бойынша рейтингі артып, көптеген марапаттауларға ие болып келеді. Иә, келісемін. Келіспеске амал да жоқ. Себебі, ата-бабамыз «Су ішкен құдығыңа түкірме!» ,- деп қатаң ескерткен. Санама терең сіңіріп, жадыма жаттатқан осы мақал бүгінде жадымнан жойылып бара жатқан сы­ңайлы. Оның себебі, панасыз студент­тердің халі. Қайғысы бар адамның дертін тек сол дертке шалдыққаннан сұра демей ме? Өзім студент болғандық­тан,жатақханасыз студенттердің жайы қатты алаңдатады.Бәріміз тү­сінеміз, Астана қаласындағы ең бірінші, әрі ең үлкен мәселе –баспана. Берсең қолың­нан, бермесең жолыңнан ала­тын нарықтық заманда төбеңде ша­тырыңның болуы әлбетте қиын. Орташа жалақысы 50-60 мың болатын ЖОО-ның оқытушылары да баспана таппай жатақханадан – жатақханаға жүктерін тасып жүрген жоқ па? Ал сонда 15 000 ғана шәкірт ақы алатын сту­денттер қалай күнелтпек? Біз жұмыс істемейміз, ақша тап­паймыз, жалақы алмаймыз. Алайда, жоғарғы жақты бұл алаңдатпайтын секілді. Өйткені, біз, жұмыс істеп жүрміз. Қарасын да, ағын да. Істеуге мәж­бүр­міз. Жауабы біреу: төбемізде шатыры­мыз жоқ. Үлкен өмірге аяғымыз жаңа ғана басылған шығар десек, қателе­сіп­піз, қайнаған қазанның тап ортасына түсіппіз. Өздеріңіз білетіндей жатақхана­лар­дың көпшілігінің бір бөлмесінде кем дегенде 6-7 студенттен орныққан.Ол жердің көлемі де, ауасы да таршы­лық етеді. Әрі, күнделікті сабаққа дайын­далуға қиындық туғызады. Тіпті, бол­машы себептерге бола жатақ­хана­дан құр қалған студенттер де бар. Олар­дың халі қалай? Қайда өмір сүріп жатыр? Бұл – да өзекті мәселе. Жа­тақ­ханаға ор­наласа алмағандар пәтер жалдап күнелтуде. Бізде шәкіртақының орта мөлшері 15 000 теңге. Зер салып қарасақ, Астана сияқты алып шаһарда 15 000 теңге­мен бір ай өмір сүру мүмкін емес. Сонда олар қалай пәтерақыны төлеп жа­- тыр? Әрине, жұмыс істеп. Клубтарда, кафелерде, бала күтуші, үй тазалаушы т.б жұмыстарды атқару арқылы. Олар­дың сабаққа дайындалуға уақыттары жетеді дейсіз бе? Әрине, жоқ. Баспана, ақша мәселесін былай қойғанда, студенттер психологиялық ауытқуларға, күйзелістерге ұшырайды. Сабаққа құлышыныстары жоқ, мұғалімдермен, жора-жолдастарымен жиі сөзге келіп, ренжісіп жатады. Жылап-сықтап, аяғы суицидке итермелейді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпаратына сенсек, Қазақ­стан суицид бойынша әлемнің алдың­ғы бестігіне кіреді екен. Ал «Орта Азияда» бәйгенің басында келеміз. Там­- шы жинала жинала көл болады. Ұсақ- түйек деп көзге ілмей жүрген мәсе­лелерден, өмірді енді ғана танып-біле бастаған жастар, қиындықтарды кө­тере алмай, сәтсіздік тұңғиығынан суицид арқылы шыққысы келіп осындай әрекеттерге барады. Бұған кім кінәлі? Әрине... жауапкершіліктен қорқамыз. Елу елдің қатарына қосылып, эко­но­микасы шарықтаған елге айналғы­мыз келеді. Сол арманды ақиқатқа ай­налдыратын жастар. Болашағымыз жастардың қолында дегенді жиі тілге тиек етесіздер. Ал жастардың болаша­ғы сіздердің қолдарыңызда! Әуесхан Ажар Еуразия Ұлттық Университетінің ІІ курс студенті