Ч.Дарвин теориясымен келіспейтіндер көбеюде немесе алғаш Құрандағы ғылым сырын ашқан тұлға

               Ғазез Ақытұлы – 1924 жылы Қытай Алтайында көрнекті ақын, ағартушы Ақыт Үлімжіұлының отбасында дүниеге келген, Мемлекеттік ислам қоғамының мүшесі, дінтанушы, ақын-жазушы – 89-ға қараған шағында дүниеден озды. Ғазездің әкесі Ақыт қазақ халқы жазба әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, қазақ әдебиеті мен мәдениетіне зор үлес қосқан, қазақтан Құран Кәрімді ең алғаш қазақ тіліне аударған діни білімдердің оқымыстысы. Ресейдің Қазан, Санкт-Петербург, Орынбор қаларында бірнеше кітаптары жарық көрген Ақыттың мән-мағыналы ой-пікірі, ақыл-кеңес беретін нақылдық, қанатты сөздері жеке адамның жан дүниесінде руханилықтың қалыптасуына әсерін тигізген шығармаларының бүгінгі күні өзектілігі жойылған жоқ. Ғ.Ақытұлы араб, парсы, түрік т.б. тілдерді меңгерген. Әкесі Ақыт гоминданшылар тарапы­нан қаза тапқан соң, Қытайда «Мәде­ни төңкеріс» жылдары Ға­зез­ге «ұлт­шыл» деген айып тағы­лып, Тарым еңбекпен түзеу лагерінен 21 жылдан соң 1979 жылы 56 жа­сында, отбасына оралған. Ғ.Ақыт­ұлы інісі Мақаш екеуі 1987 жылы Құран-Кәрімді арабшадан қазақшаға аударып, 1990 жылы Құран-Кәрімді 35 мың данамен Пекинде бастырып шы­ғар­ды. 2007 жылы Ғазездің «Құ­ран­дағы ғылыми негіздер» және арабшадан, қазақшаға аударыл­ған «Мұхаммед(с.ғ.с.) Пайғам­бар­дың таңдамалы сахих хадистері» атты еңбегі, сонымен қатар әкесі жайында жазылған «Қазақ тарихындағы әйгілі адамдар» се­риясымен жазылған «Ақыт Үлім­жіұлы» атты еңбегі Г.Омарованың құрастыруымен 2008 жылы Ал­матыда басылды. Ғ.Ақытұлының аталған еңбектерінен басқа да өлеңдер жинағы, прозалық шы­ғармалары, терминдер жинақ­тары бар. Ғазез:«Құрандағы ғы­лыми негіздер» атты еңбекті жа­­- зу­дағы мақсатым: “Құран Кәрім діни ғибадаттарда ғана оқы­ла­тын, өлген аруақтарға ғана ба­ғыш­талатын, о дүниенің бар­лы­ғын ғана дәріптейтін бір оқу­лық деген қате танымды адамдар са­на­сынан көтеріп, қайта онда ғы­лыми негіз барлығын, ол ғы­лы­ми негіздер сыры барған са­йын... құны күшейе беретіндігін дәлел­деу еді” дейді. Автор І тарауда Планеталардың пайда болуы; Бар­лық жаратылыстарда жұптық және қайшылық бар; Аспан ке­ңіс­тігінің бетін жапқан атмосфера қабаты туралы; Құран Кәрім­нің биологияға қатысты аяттары; Басқа планеталарда жанды жара­тылыстар бар ма?; Жаңбыр да өлшеммен жауады; Құранның алдын ала берген хабарлары т.б. көптеген мәселелер саралана оты­рып, Құран сүрелері келтіріледі. Ғ.Ақытұлы: “Құран Кәрім тек Ислам дініндегілерге тура жол сілтейтін жетекші кітап қана болмастан, онда астрономия, биология, философия, физика, математика, космология, жағара­пия, әдебиет сынды алуан ғы­- лымдардың негізі қамтылғанын түсіне бастадым” дей келіп, Ға­зез: “Құранда ешқандай ғылыми­лық жоқ, артық-кем жазылған бір “құрапи кітап-мыс” деген көзқарасқа жоғарыдағы кітапша­мыздың бастапқы тарауында жазылған Құран Кәрімнің физика, химия, физиология, космология, математикаға қатысты бір­қанша аяттары және оның алдан болжаған бірқанша дұрыс мең­зеулері жауап болады деп ойлай­мын” дейді. Еңбектерді құрас­тыру барысында Ғазез қажының Құрандағы ғылыми білімдерді Батыс, Шығыс т.б. шетел автор­ларының көзқарастарына сүйене отырып өз түйіндерін жасап зерделегенін байқадық. Еңбектің 2 тарауында “Құран Кәрімдегі математикалық мұғжизалар” ай­шық­талып, ғылым мен компьютерлер Құран Кәрім қыз­метінде т.б. қамтылады. Ғ.Ақыт­ұлының «Құрандағы ғылыми негіздер» ең­­бегінің басты құн­дылығы: 1. Ав­тордың Құран Кәрім­дегі білімдерді игеріп, ондағы ғы­лыми негіздер туралы өзнің ғылыми ой түйіндерін жасауы. 2. Құран Кә­рімді ғылыми айна­лымға енгізуді күн тәртібіне қо­йып, келер уақыт арнасында Құ­рандағы ғылыми білімдерді қол­данбалы ғылым­дар салаларында зерделеуге жол ашуы. 3. Құран­дағы мораль, ақыл-ой мен сана, мәдениет, психология туралы ав­тордың соны пайымдаулары же­ке адам­ның дүниетанымында адамгершілік, имандылық қа­сиет­­тердің қалыптасуына игі ық­пал ететіндігіне еш күмән келтіруге бол­май­ды; 4. Бұл еңбек дүние жүзі қазақтары арасынан Құрандағы ғылыми негіздерді жан жақты саралап талдауға ар­налған ең ал­ғаш­қы құнды еңбек екенін ай­туы­мыз керек. Шетел профес­сор-­­ лары К.Мор, Альфред Корнер, Тасажа Тасажон т.б. Құ­ранда-­ ғы ғылыми тұжырымдар не­гі­- зінде зерттеулер жүргізіп, ол зерт­теулердің Құран аяттарымен дәл­- ме дәл келгеніне қайран қалған. Ғ.Ақытұлы «қазір ғылым соңы­на түсіп зерттеп отырған бір мәселе, басқа планеталарда жан­ды жаратындылар бар ма, бар болса ақыл иелері ме, олармен тілдесе алатын ортақ қатынас құралын тапқырлай аламыз ба, жоқ, ұшпа тәліңкелер туралы таралған аңыздар рас па, жоқ, деген сұраулар... соңғы жылдары зиялы ғалымдар арасында ғана болмастан, ауыл-қыстақтағы егіншілер мен малшылардың да аузындағы әңгімесіне айналды» дейді. Өзі шалғай жер ауылында тұратын 89-жасқа қараған Ғазез ақсақалдың дүниенің қыр-сы­рын, ақиқатты тануда қазіргі ғылым дәлелдеген көзқарастарға қарама-қайшы келетін ой-пікір­лері жазылған еңбегі қазіргі кездегі осы саладағы біздің ғылым­ның қандай деңгейге жеткендігін байқатса керек. Мәселен, Ы. Ал­тынсарин «Шариат-ул ислам» еңбегінде: «Егер біреу сұраса: Мә­селен, адам топырақтан кір­піштей, табақтай нәрселер істесе, мұны түп жаратушы кім екендігін тергеп кісі сұраса керек: «Топы­рақты кім жаратты?» деп, «Топы­рақ жерден алынды», десе, «Жерді кім жаратты?» демек керек болар. Әлбетте, жерді, көкті, отты, желді, суды біреудің жәрдеміне мұқтаж жандықтардың еш бірі жаратуы мүмкін еместігі әркімнің көзіне көрініп тұр. Бұлай болса, бұл дүниедегі зат, мақұлықтардың бәрін де ең әуелі барлыққа келтіруге ешкімнің жәрдеміне мұқтаж емес бір иенің барлығында еш шек – шүбә жоқ болса керек» – дейді. Бүгінгі ғылымда Ч.Дар­вин­нің эволюциялық теория­сымен Ресей, АҚШ, Батыс Европа, Орталық Азия т.б. елдердегі шетел ғалымдары ғана емес, көптеген мектеп мұғалімдері мен сынып оқушылары, алыс ауыл­дардағы көп нәрсені тереңдей ізденіп оқымаған жай қарапайым адамдарға дейін келіспей отыр. Ч.Дарвиннің эволюциялық тео­рия­сымен келіспейтін түрік ға­лымы Однан Октар («Обман эво­- люции»), А.Михайлов («Пора понимать Коран») т.б. бірі Ақтау қаласының тарих пәні мұғалімі М.Арынов: «Біз қазақстан тарихы пәнінде адамның пайда болуы туралы оқытамыз. Тарихшы ретінде біз адамзаттың пайда болуы туралы оқушыға дерек беретін алғашқы ұстаз екеніміз анық... Өз басым дарвинизмге қарсы бол­ғандықтан... «Адамды Құдай жаратты» деген пікірде қала оты­рып, өзімнің бірнеше дәлелімді келтіргім келеді... Қазіргі кезде адамның пайда болуын зерттеген кейбір ғалымдардың өзі адамның арғы тегі маймыл емес, керісінше, кейбір маймылдың арғы тегі адам... азғындаудың нәтижесінде маймылға айналды деген пікір айтып жүр. Бұл пікірді Құран аят­тары қоштайтынын анық байқа­дым. Мысалы: «Тыйым салынған істерді орындамаған­дарға: «Май­мылға айналып кетіңдер» деп қарғыс айттық» («Әғраф» сүресі, 166-аят.). Біз, тарихшылар, Құран Кәрімді негізгі тарихи дерек ретінде қабылдамаймыз. Бұл дұрыс емес. 3.Хадистерде Адам атаның 20 метр болғандығы айтылады. Бұл сенімсіз дерек болғанымен, 2004 жылы Малайзиядан табыл­ған 16 метрлік адамды қайда қоя­мыз» деп т.б. өзінің көкейтесті пікірлерімен бөліседі. А.Пушкин Құрандағы 33-ші сүренің мән-мағынасын поэзиялық тілмен жазып шыққаны белгілі. Бұған А.Пушкиннің өз сөзі дәлел: «Көп­теген ақиқат пен өмірдің барлық мән-мағнасы Құранда анық баяндалған, керемет бейнеленіп, поэтикалық сипатта жа­зылған» дейді ұлы орыс ақыны. Ф.Достаевский:«...Пушкиннің Ислам жайлы қалам тербеуінің себебі оның үлкен сенімділігі мен қайраттылығынан деп білемін» десе, К.Рылеев: «Пушкин, сен өзіңнің Ислам жайлы жазған дүниелеріңмен бізден алшақтап бара жатқандайсың. Бірақ біз сені кешіруге дайынбыз. Сен біз үшін орыстың «Байроны» болып қала бермексің. Құдай үшін, сенің сүйікті Магометің үшін ант етейін, кері қайт! Сен оған еліктеме! Сен егер білсең еді, мен сені қатты құрметтеймін, асқан да­ныш­пандығың үшін саған бас ием!» деп жазған. («К.Рылеевтің Пушкинге жазған хаты».1825 жы­лы,12 мамыр.). Л.Толстой: «Күллі ғылым Құранда жазыл­ған» десе, И.Бунин: «Құран мені қайран қалдырды! Мен бұған дейін де, бұдан кейін де мұндай кемел кітапты көрген емеспін» деген И.Бунин поэзиясының жау­һар­лары қатарына Құран­- ның «Әлиф. Ләм. Мим» эпи­графы­мен басталған оның «Құ­пия» деп аталған өлең жолдарын сөзсіз қосуға болады. Ғ.Ақытұлының араб тілінен қазақшаға аударылған “Таңда­малы хадистері”(араб тілінен қа­зақ тіліне аударылған Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбардың “сахих” хадистері) ата аналар мен бала­ларға, отбасына арналған иман­дылық туралы хадистерінің бү­гінгі күні маңызы зор. Иман­- дылық жеке адамның рухани жан дүниесінің кемелдене дамуына терең әсер ететін құбылыс. Ар, Ұят, Адалдық, Әділдік секілді құндылықтар терең иманды­лықтан бастау алады. Тұла бо­йында иманы жоқ, басқа мәде­ниеттің ықпалына ұшыраған, мәңгүрттікке бой алдыра бас­таған, қайырымсыз адамнан ұлт болашағын ойлайтын, елін қор­ғайтын адам шығуы неғай­был. Имандылық ұлттық тәрбиенің басты нысанасы болу үшін 1-ші сыныптан 11-ші сынып оқушы­ларына дейінгі мектеп жасындағы балаларға арналған имандылық тәрбие беретін «Имандылық тәр­бие» атты оқулық жазылуы керек. Абай 38-ші сөзінде: «Аллаһ табарака уатағаланың пенделеріне салған жолы қайсы? Оны көбі білмейді. «Тафаккару фиала ила­һи» деген хадис шәріфтің «иннал­лаһу йухиббул мақситин» деген аяттарға ешкімнің ықы­ласы, көңілі менен ғылымы жетіп құп­та­ғанын көргеніміз жоқ. «Әтә­мурун әннәсә билбирри уәәхсәну инналлаһу йүхиббул-мұхсиннің», «уәлләзина әмәну уәғәмилусса­лихати улайкаасхабул жәннәти һәм фиһа халидун» деген аяттар Құранның іші тол­ған ғамалус-салих не екенін білмейміз» –деп айтқан осы сөзде­рін, біз толық танып біле алмадық және адам­- зат Құрандағы ғылыми негіз­дер­- ді толық танып біле алмайтынды­ғын көптеген ғұламалар айтып кеткен. Дегенмен, мектеп оқу­лық­тарында Ч.Дарвиннің эволю­циялық ілімі әлі де оқытылуда. Ғ.Ақытұлының «Құрандағы ғылыми негіздер» еңбегі елімізде Құрандағы ғылымды зерделеуге ашылған алғашқы жол бола оты­рып, ғылымның діни білімдермен сабақтастыра зерттеу алдын­дағы түбірлі бетбұрыстар ашы­- луы­ның бастамасы деп ой­лай- ­мыз. Сананың отарсыз­дануы басталған қазіргі кезде Ч.Дар­виннің эволюциялық теориясы турасындағы зерттеу әлі толық және түпкілікті аяқталмаған деген пікірде қала отырып, әлем­нің, дүниенің, адамның жараты­луының қыр-сыры әлі түпкілікті зерделеуді қажет ететіндіктен осы мәселенің тұщымды жауабын көзі қарақты оқырман отандық дінтанушылардан емес, тарих, антропология, философия, медицина, биология, генетика, эмбриология, анотомия т.б. сала ғалымдарынан күтуде. Бұл ең­бектер бүкіләлемдік дінаралық сұхбат өрбіп отырған бүгінгі күні діни ғылымға қосылған үлкен үлес болумен бірге күн өткен сайын бұл еңбектердің маңызы арта береді. Ақыт мұраларын, Құрандағы білімдерді зерттеуге, жас ұрпаққа діни-имандылық білім мен тәрбие беруге өзіне тән үлесін қосқан қоғам қайраткері, діни білімдерді терең меңгерген дінтанушы, ақын Ғазез Ақытұлы­ның жарқын бейнесі отандас­та­рының есінде мәңгі сақталады. Гүлнар ОМАРОВА, философия ғылымдарының кандидаты