Студент – болашақ маман ғана емес, ел тірегі

0
6266

       Еліміздегі жоғары білім берудің негізгі міндеті маманды тек қана біліммен қарулардырып қоймай, сонымен қатар олардың жеке басының жан-жақты қалыптасуына, дамуына, шығармашылық қабілетінің жетілуіне, кәсіби мәдениеттің қалыптасуына өз дәрежесінде көңіл бөлу, мүмкіндік жасау болып табылады. Студентті тек болашақ маман ретінде ғана қарамай, оны өз қоғамының азаматы, шығармашылық тұлға келешектің иесі, тірегі ретінде тану, соған мүмкіндік жасау қажет. Ал болашақ мамандарды осы айтылғандарға сәйкес дайындау, оның болашақ кәсіби құзыреттілігіне сәйкес білім беруден бастау алады.
Жоғары оқу орындарында оқу үдерісінде болашақ маман даярлауда мынадай басты міндеттердің шешімін табу: оқытудың жетік жолдарын меңгерген маман даярлау; кәсіби пәндерді игерумен қатар, адамгершілік, рухани-мәдени құндылықтарды меңгерген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеу; болашақ мұғалімнің қоғамдағы әлеуметтік белсенділігін арттыру; жалпы педагогикалық, әдіскерлік іскерлігін арттыру; өз бетінше білім ала білу қабілеттерін қалыптастыру; педагогикалық шеберлігін үздіксіз арттырып отыру дағдысын қалыптастыру басты мәселе болып табылады.

Болашақ маманның кә­сіби-
әдіс­­темелік даярлы­ғын қалып-
тас­­тыру үшін өзі таңда­ған ма­мандығына сәй­кес арнайы ғы­лыми пән­дер­ден терең, жан-
жақ­ты білімі бо­­луы қажет. Бі­лім беру сала­сындағы негіз­­гі
құ­жат­тарды, білім беру стандарты, оқу жоспары, бағдар-
ла­ма, оқу­лық, оқу-әдістемелік ғылыми әдебиеттер­ді, сондай-ақ озық педагоги­ка­лық тәжі­ри­берлерді меңге­руі тиіс.
Ел Президенті Н.Назарбаев­-
тың биылғы Жолдауы «Әлеу­меттік – экономикалық жа­ңар­ту – Қазақстан дамуының басты бағыты» деп аталады. Елбасы экономиканы нығайту мен
халықтың әл-ауқатын арт­тыру­дың жаңа міндеттерін жүк­тей
отырып онбағыт бойынша мін­-
деттер кешенін жү­зе­ге асыруға
тиіс екенімізді айт­ты. Оның ішін­де Президент қазақстан­дық­тарды ақпараттық техно­ло­гия­ларды белсендірек иге­руге шақырады. «Компью-
тер­лік сауаттылықты, соның ішінде әртүрлі ынталандыру­шы бағдарламалардың есебі­нен де көтеру қажет» – деп атап көрсетті.
Біздің Абай атындағы Қа­зақ Ұлттық Педагогикалық Уни­верситетінде болашақ мұғалім­
­­дер мен қатар, ақпараттық тех­нология саласы мамандарын, яғни ақпараттық жүйелер бойынша техника және технология, жаратылыстану ғылым­дары бойынша информатика бакалаврын дайындайды. Бұл мамандықтардың ашылғанына 5-6 жылдың көлемі болды.
Университетімізде оқу-тәр­-
бие үр­дісін ұлттық сипатта
ұйымдастыру жолға қойыл­ған.
Бұл бағытта ректор С.Пірә­лиевтің бастамасымен студент­тер мен оқытушылар арасын-
дағы әдеп мәселесін ұлттық сипатта дамыту жүзеге асыры­-
луда. Бұл туралы ректорымыз
С.Пірәлиев: «Ұлттық мәртебе­-
ге ие педагогикалық универ­ситет­тегі жоғары кәсіби білім беру ісі ең алдымен саналы тәрбиеге негізделуі тиіс» – деп айтудан жалықпайды.
Бұл оқытушылар мен қыз­меткерлер арасынан бекітілген тәрбие жетекшілерінің міндет­тері мен атқаратын тәрбие жұ­-
мыстарының бағыттары арқы­лы көрініс тауып отыр.
Бүгінгі таңда біздің кафе­дра­мыздың оқытушы-профес­-
сор­лар құрамы өз тобындағы
студенттердің оқу-тәрбие үде-
рі­сіндегі қызығушылықта­ры
мен құқықта­рын қорғаушы, тұл­ға аралық қарым-қатынас-
та­рын орнатуға және студент-
тердің болашақтағы іс-әреке­тін жүйелі ұйымдастыру­шы, қоғамда орын алған келеңсіз құбылыстардың алдын алып, бой алдырмауға бағдар беруші болып табылады.
Біздің кафедрамыз универ­-
си­тетіміздің физи­ка-матема­ти­ка факультеті­нің құрамына кіреді. Факуль­те­тімізде профес­
сор-оқыту­шы­лар құрамы мен
қызметкерлерінің этикалық ко­­дексі дұрыс жолға қойыл­ған. Мұның себебі 1928 жылы университет ашылғаннан бері оның құрамында бірге ашылған факультеттің ұрпақтар сабақ­тас­тығы мен оны бүгінгі күні
басқарып отырған декан М.Бек-
патшаевтың ұйымдас­ты­­рушылық қабілетінің жемісі деп атап өтуге болады. Олай деп айтатынымыз факультет ОПҚ мен студенттері соңғы 5-6 жылда университет ішінде білім, ғылым және тәрбие, спорт саласы бойынша алғашқы орынды бермей келеді.
Кафедрамыздың оқытушы-профессорлары жұмыс барысында университеттің этикалық кодексіне сүйенеді. Яғни бұл кодекс бойынша оқытушылар мен қызметкерлердің негізгі этикалық ұстанымдары анықталған, олар: кәсібилік, жұмыс нәтижесіне өзіндік жауапкершілік, белсенділік, адалдық, әділдік, шыншылдық, әдептілік, қызмет бабында қарым-қатынастың ашықтығы. Бұл ережелерді орындай отырып әрбір ОПҚ университеттің имиджімен іскерлік абыройын нығайтуға үлесін қосады.
Кафедрамызда өз ісінің білгір мамандары қызмет жасайды. Бұл бағытта доценттер Искакова К.А., Ахметова О.С., Жунусова Л.Х., Бертаева К.С., Омарова С.А., Тульбасова Б.К. және аға оқытушылар Майкотов М.Н., Досмайлов Т.К., Сатымбеков А.М. атап өтуге лайықты.
1) Доцент Ахметова О.С. – 2010 жылдың «ЖОО-ң үздік оқытушысы» грантының иегері. Франция, Италия және Бельгияда өз білімін ақпараттық технология саласынан жетілдіріп қайтты.
2) Доцент Искакова К.А. – 2008 жылыИндияда өткен “Web дизайн” курсында өз біліктілігін арттырып қайтты, cонымен қатар 2010 -2011жылдары Жапония,Сингапур, Австрия, Германия мемлекеттерінде өткен конференцияларға қатысты.
3) Аға оқытушы Майкотов М.Н. осы жыл басында Малайзияда 1 ай бойы өз білімін жетілдіріп қайтты.
4) Аға оқытушы Сатымбеков А.М. былтырғы жылдың қорытындысы бойынша ректордың «Алғыс хатына» ие болды.
Болашақ маманның кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда оқу үдерісібасты назарда мына тұжырымдарға:
– қоғам тарапынан болашақ мамандарды кәсіби даярлаудың сапасына қойылатынталаптарға;
– педагогикалық үдерістің негізгі идеяларына, олар болашақ мамандардың кәсіби іскерліктерін, ақпараттық технология саласынан іскерліктерін қалыптастыруды оңтайландыру проблемасы бойынша ұсынылады;
– студенттерде ақпараттық технология саласынан іскерлігін қалыптастыру бағытында жоғары оқу орындарында оқытудың біртұтас педагогикалық үдерісін ұйымдастыруға;
– оқыту мазмұнын, ғылыми, жалпы кәсіби және арнайын кәсіби сипаттағы білім, іскерліктер мен дағдылар түрінде жүзеге асыруға;
– негізгі өлшемдерді және деңгейлер көрсеткіштерін, болашақ маманды даярлаудың сапасын анықтауға сүйенеді деп есептейміз..
ХХІ ғасырда болашақ мамандарды даярлау, олардың кәсіби іскерлігін қалыптастыру мәселелері – кезек күттірмейтін өзекті қоғам талабы. Бұл біздің кафедра ұжымының басты назарында болып отыр.
Б.СЫДЫҚОВ –
Абай атындағы ҚазҰПУ-дің
«Оқытудың ақпараттық
жүйелері» кафедрасының меңгерушісі, доцент
К. А.ИСКАКОВА –
ф-м.ғ.к., доцент
А.М. САТЫМБЕКОВ –
аға оқытушы
А.Қ.МОШҚАЛОВ –
докторант PhD
Н.А.ТЕКЕСБАЕВА –
аға оқытушы

 

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз