Ерлан СЫДЫҚОВ: БӘРІ ДЕ СТУДЕНТТЕР ҮШІН

                                        

Еліміздің іргелі оқу орындарының бірі – Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Күлтегін күні» аясында өткізілетін «Еуразия-ақпарат» оқу-тәжірибе орталығының «Ақпарат кеңістігі» атты баспасөз конференциясы болып өтті. Оның жұмысына елордадағы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып, университеттің ішкі жұмыстарымен танысты. Аталмыш жоғары оқу орны Қазақстан нарығына қажетті мамандық түрлерін дайындаумен қоса, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп отырған сындарлы саясатын бұқара халыққа жүйелі түрде жеткізетін, қоғамның олқы тұстарын осып айтатын қаламы қарымды журналистердің қара шаңырағы деуге негіз бар. Ұлт көшбасышысының тікелей тапсырмасымен 1996 жылы іргетасы қаланған білім шаңырағы, егемен еліміздің жас Астанасымен бірге жасасып келеді. Бүгінде бұл университеттен қанат қаққан тілшілер, қоғамда «төртінші билік» өкілдері саналатын топтың қатарынан табылып, төл журналис-тикамызды дамытуға қомақты үлестерін қосып келеді. Осындай сүбелі пікірді қадап айт-қан Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов аталған жоғары оқу орынында ұдайы өткізіліп отыратын іс-шараға қатысып, білім шаңырағының атқарып отырған жұмыстарын жіктеп халыққа жеткізіп отыратын тілшілер қауымына өз алғысын білдіріп, болашақ журналистер дайындалатын оқу ордасының техникалық базасымен таныстырды. Өзіміз көргендей, мұнда келешек маман иелері теориялық тұрғыдан алған білімдерін іс-тәжірибе жүзінде шыңдауға мүмкіндіктері бар екен. Журналистиканың газет, телевидение, радио салалары бойынша, студенттерді жіктеп оқыту үрдісі мен оларды бір салаға бейімдеуге толық жағдай жасалған. Мұнан соң ректор бастаған оқытушылар құрамы журналистерді «Еуразия-ақпарат» студиясына апарып, білім шаңырағының бүгінгі тыныс-тіршілігін баяндап, бақ өкілдерінің тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Ерлан Бәтташұлы республикадағы маңдай алды оқу ордасының басты мақсаты – «бәрі де студенттер үшін» деген қағидамен жұмыс істеп жатқанын, олардың білімді де білікті маман болып қалыптасуларына жоғары дәрежелі оқытушылық құрамның талмай еңбек етіп келе жатқанын, білімгерлердің денсаулығын бақылау-да ұстау үшін оқу орыны ішінен медициналық орталықтың, кинотеатрдың үздіксіз қызмет көрсетінін тілге тиек етіп, алдағы жылы студенттерге арналған кітапхана жатақхана мен спорт нысандарының құрылысы басталатынын атап өтті. «Назарбаев университетінің» келешегіне қандай баға бересіз деген тілші тарапынан жол-данған сауалға Ерлан Бәтташұлы Елбасының бастамасымен бой көтерген оқу орыны, әлемдік стандарттарға сай білім беретінін алға тартып, аталмыш оқу орны классикалық бағытта емес, ғылыми үрдіспен жұмыс істеп, болашақ ғалымдарды даярлап шығатынына сенім білдірді. Ал, аталмыш оқу ордасынан түлеп шыққан студенттерді тұрақты жұмысқа орналастыру мәселесі қалай шешіліп жатқанын білгісі келгендерге, ректор: бұл проблеманың өзекті екенін айта келе, оқу орны қолынан келгенше, жұмыс берушілермен тығыз байланыс орнатып отыр-ғанын, білімгерлерді іс-тәжірибеден өткізетін мекемелермен қоян-қолтық жұмыс істеп, өз мамандарымызды жұмыспен қамтамасыз етуге күш салып келе жатқанын айтты. Сондай-ақ, Ерлан Бәтташұлы елордасы Астана қаласында ұйымдастырылатын мемлекеттік маңызды іс-шаралардың ешқайсысынан тысқары қалмайтынын, бас шаһарға атбасын тірейтін лауазымды тұлғаларымен Нобель сыйлығының иегерлері білімгерлерге үнемі дәріс оқып, болашаққа қанат қаққалы отырған жас мамандарға өмірлік сабақ болып отырғанын жеткізді. – Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде бүгінгі таңда 12 мың студент білім алса, оның бір мыңға жуығы магистрант жастар. Бізде оқитын білімгердің 80 пайызы ауылдық жерлерден келіп оқыса, Қазақстанда 3000 алтын белгімен мектеп бітірген талапкерлердің бір мыңнан жоғарысы осынау қарашаңырақты таңдаған,– деді ректор. Жиын соңында Ерлан Сыдықов өз қолымен университеттің өмірін боямасыз насихаттап жүрген журналистер мен оқу орынының бірқатар қызметкерлеріне «Алғыс хат» тапсырды.

Индира БАЙҚОНЫСОВА

                                                                                                                                                                 "Ел"