«Біздің заманымыздың Дон-Жуаны» немесе ұстаз деген ұлық атқа кім лайық?

15
2475

«Ет сасыса тұз себеді,
тұз сасыса не себеді?»
Қазақ даналығы

Газетке түркістандық оқырмандардан арыз түсті. Ұстаздың үстінен. Оның ішінде көп жылдар бойы мектеп директоры болып істеген адамның үстінен. «…2010 жылғы қыркүйек айында қалалық білім бөлімінің шешімімен мектеп директорларын ротация жасау деген желеумен біз қызмет ететін Майшай Әбенова атындағы орта мектепте 17 жылдан астам басшылық жасаған И.Исатаевтың орнына осыған дейін бірнеше мектептің әрқайсысында 4-5 жылдан артық отырмай, басшылық қызметте болған, өз сөзімен айтқанда, «шешесі директор етіп туған» Тауасар Мұстафаев директор болып келді».
Осы бір сөйлемнің өзі-ақ көп нәрседен хабардар етіп тұрған жоқ па? Әрмен қарай жаңа директордың 17 жылдай оқу ісінің меңгерушісі болып істеген Ерғали Аймырзаевты қызметінен кетуге мәжбүрлегені, мұғалім жұмысқа түрлі себеппен келмей қалғанда басқа мұғалімнің сабақ өтуі тоқтатылғаны, оның орнына сабақ өтілмеген сағаттың ақшасын директордың өзі алып отырғаны, одан бөлек өзге де келеңсіз көп ісі жайлы жазылған. «…Ақша алу мен беру ісі біздің оңтүстік өңірі үшін таңсық емес екенін білеміз. Сорақы тірлік осы соңғы кезде болды. Мектеп директоры қаладағы аса қадірлі шаңырақтың біріне келін болып түскен Н.Н.-мен (оның аты-жөнін көрсетпеуді жөн көрдік – ред.) жақын қарым-қатынасқа түскені елге мәлім болды. Осыған байланысты мұғалім келіншек жұмыстан шығып, екі жас ажырасып кетті. Пайғамбар жасына келгенде өз балаларынан жас келінмен жақындасуын қалай бағалауға болады?»
7 сәуір күні Түркістан қаласының прокуроры А.Пашаевтың атына жазылған Е.Аймырзаев пен Ж.Әмірдің осы арызына уақтылы жауап 24 сәуір күні беріледі. Онда да прокуратура қызметкері Х.Юнусов мектепке барып тұрып, арыз берушілермен жолықпай, директордың айтуымен шектеліп, орысша айтқанда, «отписка» жауап жазады. Оған прокурор мырза өзі қол қояды. Бұған қанағаттанбаған, арыздан соң мектеп директоры тарапынан қатаң қысымға ұшыраған Ж.Әмір енді Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің, облыстық білім департаменті бастығының және облыс прокурорының атына қайтадан арыз жазуға мәжбүр.
Түркістан – Мехико, Мәскеу секілді ондаған миллион адам тұратын мегаполис емес. Қаланың бір шетіндегі оқиға ертең-ақ екінші шетіне жетеді. Қаланың халқы бірін-бірі таниды десек те асыра айтқандық емес. Сол тұрғыдан келгенде жемқорлықтан гөрі – бұл шынында да тек оңтүстік қана емес, бүкіл елдің «еті үйренген» кесел – ұстаз атын жамылып жүрген жанның «серілік ерлігі» жаға ұстатар жаман әдет деуге тиіспіз. Жоғарыда аталған мұғалиманың ата-енелері жас отаудың шаңырағын ортасына түсірген Т.Мұстафаевтың үстіне арыз беруге одан қорыққан-үріккенінен емес, өздерінің елге сыйлы есімін құрметтегеннен ғана іркіліп отырған көрінеді. Мұғалімдер қазір директор мырзаның мектептегі мұғалім келіншектер арасынан «жаңа пассия» тауып алғанын айтады. Шынында да, өскелең ұрпаққа қандай «үлгі-өнеге, тәлім-тәрбие» көрсетіп жүргені бір өзіне ғана аян директордың айылын жимағаны арызды тексеруге қандай көзқараста болғанынан-ақ айқын емес пе? Юлий Цезарь «сіздің әйеліңіздің көңілдесі бар» деген өсекті естіген бойда, ешқандай тексеру-тергеуге салмай-ақ, сол сәтте «Цезарьдың әйелі жайлы ешкімде тіпті күдік тумауы тиіс!» деп, патшайыммен ажырасып кетеді. Ал біздің заманымыздың Дон-Жуандары не істейді? «Менікі ұят болыпты-ау, абыройыма дақ түсетін болды-ау, ел-жұрттың бетіне енді қалай қараймын?» деп, тәубеге келіп, кеш те болса жаман жолдан шығайын деудің орнына, «шамаларың келсе мені шауып алыңдар» дегендей өршелене түседі. Екі аяқты адам тұрмақ, төрт аяқты аң – қасқырдың өзі мекен еткен жерінің айналасындағы елдің қорасына түспейді ешқашан! Біреудің отанының бұзылуына себепкер болса әйелдерді ғана емес, еркектерді де шу асау аттың құйрығына байлап, «тас боран» жасап немесе ұзын ағаш қазыққа отырғызып өлтіру жазасына бұйыратын қайран қазақтың қатал да әділ заңдары-ай! «Адам азды, дәстүр тозды» деп осыны айтса керек…
Біз осы мақалаға тиісті орындар уақтылы жауап береді деп үміттенеміз. Қалай болғанда да бетінің арын белбеуге түйіп алатын адамдар ұстаз деген ұлық атқа лайық емес деп білгендіктен, бұл мәселе әкімшілік органдары арқылы болсын, сот арқылы болсын, қашан оң шешімін тапқанша қадағалауда ұстайтын боламыз.

Өмірзақ АҚЖІГІТ

15 ПІКІРЛЕР

  1. неткен…. неткен оңбаған мен бұндай сұмдықты өмірімде көрмеппін. Мен казир М. Әбенова мектебінің деректоры ауысты деп естідім есімі Гүлмира Макашова екен. Ол оте жақсы кісі екен. Аслан сен неге олай дейсін түсінбедім

  2. Біздің қазақты құртатын ауру ру арасындағы бақталастық екенін атам қазақ ілгері заманнан айтып келеді. ол әлі де жалғасын тауып келеді. Әсіресе, Түркістанда ол ауру емес, үлкен індетке айналған. Бірін-бірі көре алмау, бір-бірінің аяғынан шалу, шамасы жетпесе, өсек таратудан бірінші орында тұр. Жоғарыдағы тілшіміз Өмірзақ Ақжігіт сондай адамдардың қолшоқпарына айналып кеткенін өзі де байқамай қалған шығар. Себебі, қазақ қашаннан бері «көзін сүзген құнажынды» емес, «жібін үзген бұқаны» сынайтын еді. Келіннің қайын ата, енесі сотқа арыз бермесе, өз абыройларын ойлаған да шығар, сондай-ақ, ең бірінші кезекте, осы жағын да ойлаған болар. Одан кейін оны не деп соттайды? Біреудің отбасын бұздың дей ме? Бізде ондай заң бар ма екен? Олай болса, талай шайқалып жатқан шаңырақтардың әрқайсысының себептерін қазбалайық. Бұл дүниедегі әрбір пендешіліктің жазасын сіз бен біз бермейміз. Алла-тағаланың алдына барғанда, әркім-ақ өз жазасын алар. Құнажын да, өгіз де, оларды сөзге қосқан да өзгелер де… «Қыздың жолы жіңішке» деп, ата-бабамыз бекер айтпаған. Тұрмысқа шыққан әйел басқа еркекпен байланыспақ түгілі, көз салуға да болмайтыны шариғатта да айтылған. Ал жұмыстан шеттетілген Ерғали Аймырзаевқа байланысты басқа да мәселелер толып жатыр. Ол жағын қозғап, мен де жоғарыдағылардың қатарына ілінгім келмейді. Қалай болғанда да, тілші жолдас, бір ғана адамның арызымен ер азаматты масқаралауыңызға жол болсын. Сіздің тілге тиек еткен бас кейіпкеріңіз әлі де жұмысын жалғастырып жатса, демек, сол кісіні қызметке тағайындап жатқан басшылар оның кәсіби біліктілігін бірінші орынға қойған. Мұстафаев Тауасар қандай мектепте жұмыс істесе де, сол мектептің білім сапасының артатынын дүйім жұрт біледі. Талай марапатқа лайық ұстаз. Ол кісі сияқты өз мамандығын жетік меңгерген адам кем де кем болар. Үш мыңнан жинаған мектеп түлектері сөйлейді… Құдайым-ау, ол кісі ондай кондиционердің бір вагонын сатып алуға шамасы келетін адам. Құрметті Жазғыш мырзалар мен ханымдар, мақаланы оқып, сезімге беріліп отырғанда, бас кейіпкердің отбасы, оның бауырлары туралы сөз қозғаудың не қажеті бар? Ол кісілерді танымайсыздар, қандай адамдар екенінен бейхабарсыздар. Қанша жақсы танысаңыздар да, олар туралы бірдеңе айтуға еш хақыларыңыз жоқ. Сондықтан да біреудің күнәсін арқаламай, өз болашақтарыңызды ойлаңыздар. Құдайдан өздеріңізге бақыт тілеңіздер.

  3. Тауасар егер осы ойларды оқысаң ұялғаннан кірерге тесік таппай отырған боларсың деп үміттенем! Бала шағаңды сен үшін ұялардай етпестен мақтанардай болсында, егер осындай арамы пиғылыңның арқасында да бала шағаң болса!!!! Бүгінгі күнмен ғана өмір сүрмей, ертеңіңді де ойласайшы! А Айтпақшы оқушылардан жинап алған ақшаңның арқасында алған ЗИМА-ЛЕТО істеп тұрма? Сен үшін қаншама оқушылар сорлап қалатын болды! олардың қарғысына ұшырағанша мектептен кеткенің артық. бірақ ол саған аз болады. сендейлерді жер қалай көтереді екен?! Таңым бар!

  4. Тауасар егер осы ойларды оқысаң ұялғаннан кірерге тесік таппай отырған боларсың деп үміттенем! Бала шағаңды сен үшін ұялардай етпестен мақтанардай болсында, егер осындай арамы пиғылыңның арқасында да бала шағаң болса!!!! Бүгінгі күнмен ғана өмір сүрмей, ертеңіңді де ойласайшы! А Айтпақшы оқушылардан жинап алған ақшаңның арқасында алған ЗИМА-ЛЕТО істеп тұрма? Сен үшін қаншама оқушылар сорлап қалатын болды! олардың қарғысына ұшырағанша мектептен кеткенің артық. бірақ ол саған аз болады. сендейлерді жер қалай көтереді екен?! Таңым бар!

  5. Тауасар нағыз топас адамдардың қатарынан екен!!! Бұндай адамдарды адам деп айту ҰЯТ!!! олар адам болса біз кім болдық сонда?!!! келіншектің ұяттылығы шамалы ғана, өз отбасы бола тұра басқа еркекке көз салғаны қай сасқаны? әлде оны қорқытып үркіткен бекен? Құдай куә оның бауырларының бәрі болмаса да біреуі Тауасардай екені айдан анық. Мысалы Жетібаев Көпжасар!!!

  6. Бул не деген маскара, мектепті аздырғанымен қоймай, басканын әйеліне көз салған қандай арсыз адам?!Бұндайлар білім саласында қызмет етпеулері керек кой, сол ДОНЖУННЫН балалары жок па екен? не деген сұмдық мынау. Заңмен сөйлейтін адамдар қайда қарап отыр? Білім ордасын жын ойнақтың ортасына айналдырғандарға неге шара қолданбайды? Жұмыстан жай шығара салғанмен ондайларға ол жаза жеңіл болады, ендігі жерде ешқандай жұмыска қабылданбайтындай етіп заңмен шығару керек. Пайғамбар жасына жеткенше ақыл тоқтатпаған ДОНЖУАН алдағы уакытта есін жияр дейсіздерме? Ауру қалса да, әдет қалмайды. Тағы бір көрінген етектің ізінде еңкейіп жүріп, қанша шаңырақты шайқалтарын кім білсін?

  7. Менин ойымша Тауасар нагыз еркек. Себеби атам казак айткан гой:Еркектин бир жери турса басы истемейди деген.Тауасар жарайсын оз аппаратынды тексереин деген шыгарсын.Бирак сол аппаратынды биреу жулып моинына илмесин есте сакта.Сенде кыз осирип отсын аягы лайым жаксылыкпен бмтсин.АССАЛАУМАГАЛЕЙКУМ жамагат деп киретин бетинди ойла аргы жака.Бул жалган омир ДОН ЖУАН есте сакта

  8. Тауасардын жумыстан кетуын талап етемыз,,,Ол келгели оку жагдайы киындады,осек-аяндар кобейди,Жумысты дурыс аткармайды.Баска директордын келгенин калаймыз….

  9. Быз М. Абенова мектебынын окушыларымыз. осы кунде кай мектепте окисын айналайын деп сураган адамга мектебымыздын атын атауга уялатын болдык. бунын бары арине ТАУАСАР деген ДОНЖУАННЫН аркасы. елге сыйлы, 17 жылдан беры мектебымыздын абыройына дак тусырмей кызмет еткен БУРЫНГЫ ДИРЕКТОРЫМЫЗ И.ИСАТАЕВ мырзага улкен ракмет. мумкундык болса сол директорымыздын кайтадан ауысып келгенын калаймыз. Тауасар будан кейн де жумысын жалгастырар болса мектептегы білім, білім болмайды. сол ушін жоғарыда отырған ағаларымыздың шара қолдануын өтінеміз.
    ТАУАСАР жайлы айта кететін тағы бір жағдай бар. Ол былтырғы оқу жылына катысты.жұмысқа жанадан ауысып келген ол, оқу жылы біткенсоң бітіруші түлектердін аркайсысынан мектепте құдықты жанадан қазамыз деп 3000 тенгеден жинап алған болатын. 69 бітіруші түлек болса, түрлі себеппен ол ақшаны бере алмағандар болды. шамамен 40-50 оқушыдан 150000 тенге колемінде ақша жинап алған ол, ақшаны ала салып оз болмесіне ЗИМА-ЛЕТО кондиционерін қойып алды. қалған ақшаны да өз қажетіне пайдаланғаны айдан анық. Өйткені мектепте ешқандай құдЫқ қазылған жоқ.

  10. Мектеп директоры Мұстафаев Тауасар қалаға әйгілі Дон Жуан. Қазір жасы 62-де, келесі жылы зейнетке шығады. Олар бірнеше ағайыңды, барлығы қызға құмар, бастарымен емес, басқа жерімен ойланады. Тауасарды жасына қарамай мектептен аластату керек. Ол жерде әлі қаншама жас ұстаздар қызмет етеді, әр қайсысы бір-бір үйдің келіні. Мұстафаевтар руға қарамайды, өз рулас қарындастарына да шаба береді. Қала әкімі Ә.Өсербаевта Тауасардың руласы, сондықтан бұл қыршын шал кәсібін жалғастыра бермек. Тауасар секілді арсыз малдарға кастрация жасау қажет.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз