Интернаттағы қыз өлiмi жұмбақ күйiнде қалды… Ал директор жалған мәлiмет жолдапты

14
5286


                                                                     * Интернет пен интернат

2012 жылы ақпан айында Шардара қаласындағы №3 дарынды балаларға арналған мектеп интернаттың 10-сынып оқушысы өзiне қол жұмсап, қайтыс болғандығы жөнiнде фактiлер тiркелген.
Көнекөз қариялар “аурудың жер бетiне шыққан заманы болды, бұрын мұндай ауруды көрмек түгiлi естiмеппiз” дегендерiн талай естiдiк.
Жер бетiнде көбейiп, талай жанды жалмап жатқан көп аурудың бiрi – суицид(өзiне-өзi қол жұмсау).
Бұрындары суицидтен ересектер қайтыс болса қазiргi таңда аурудың бұл түрi де жасарып, тiптi жастар мен мектеп оқушыларының да ауырғанын көрiп жүрмiз.
Қолда бар мәлiметтерге сүйенсек суицидпен қайтыс болғандардың 2 % денсаулығы нашарлаған-дар, 3 % күн көрiсi төмендеп, қаржы тапшылығына ұшырағандар, 1,4 % өмiр сүруi ауырлағандар, 6 % спирттi iшiмдiкке бой алдырғандар, 18 % жанұясындағы кикiлжiң әсер еткендер, 18 % рухани азғындау салдарынан, 19 % қылмыс жасап, жалтарудың жолын iздегендер екен.
Өзiне қол жұмсағандардың 41 %-ның неден болатындығы ғалымдарға жұмбақ күйiнде қалып отырған көрiнедi.
Суицидтен қайтыс болғандар бiздiң Шардара ауданында да кездесуде. Олардың арасында кәмелетке жасы толмағандар мен мектеп оқушыларының болуы жантүршiгерлiк оқиға.
Олардың қуанышы мен қызығы көп, балдай тәттi бұл өмiрмен қоштасуына не әсер еттi? Ол – жұмбақ.
2011 жылы Алатау батыр ауылынан бiр оқушы, 2012 жылы ақпан айында Шардара қаласындағы №3 дарынды балаларға арналған мектеп интернаттың 10-сынып оқушысы өзiне қол жұмсап, қайтыс болғандығы жөнiнде фактiлер тiркелген.
Мектеп оқушыларының арасында суицидтi болдырмау, оның алдын алу мақсатында қандай iс-шаралар атқарылып жатқандығын зерделеу мақсатында аудандық бiлiм бөлiмi мен Шардара қаласындағы облыстық бiлiм басқармасына қарасты №3 дарынды балаларға арналған мектеп интернатқа мәлiметтер сұратып, хат жолдадық.
Мәлiметтерге сенсек аудан мектептерiнде суицидтiң алдын алу мақсатында көптеген iс-шаралар өткенi көрiнiп тұр. Өткен iс шараларға психолог та, дәрiгер де полиция қызметкерi де, дiн өкiлдерi де қатысқан.
№3 мектеп интернат жолдаған анықтамада бiршама алдын алу iс-шаралардың өткендiгiн көрсетiптi.
Өткен шараларды iшiнара тексердiк. Анықтамада 2011 жылдың қараша айының 23-i күнi дәрiгер психологтың қатысуында, 2012 жылдың 18 қаңтарында дiн өкiлдерiнiң қатысуында суицидтiң алдын алуға бағытталған дөңгелек стол отырысы, кездесулер өттi дептi.
Бiз iшiнара тексерген осы екi iс-шара интернатта өтпептi. Iс шараға дәрiгер де, дiн өкiлдерi де қатыспапты.
Жалған мәлiмет неге керек болды? Оны директор Г.Қасымбекованың өзi бiлер.
Суицидтiң алдын алуға арналған iс-шараларда оқушыларды өмiр сүруге құштарландыратын жұмыстың жоқтығы таң қалдырды. Өз-өзiне қол салудың алдын алу мақсатында “Қарым-қатынас құруды үйренейiк” деген тақырыпта әңгiме өткiзiптi. Кiммен, қандай қарым қатынас? Бұл жерде суицидке қатысты мәселе көре алмадық.
Естiген құлақта жазық жоқ. Қыз бала қайтыс болатын күнi мектеп директоры Г.Қасымбекова оған шашын жинап жүру жөнiнде қатаң талап қойыпты десе, бiреулер директордың талап қоюға құқығы бар деп жүрген көрiнедi.
Дегенмен, интернаттағы қыз өлiмi жұмбақ күйiнде қалған секiлдi.

“Өскен өңiр–ақпарат“.

                                                                                                Шардара ауданы,

                                                                 Оңтүстік Қазақстан облысы

 

 

14 ПІКІРЛЕР

  1. Бұл оқиғаға мектеп дыректоры кінәлі деген сыбыс бар. Яғни шашына байланысты ескертулерды ескермеген қыздың шашын отырғызып барлығының көзінше қиып тастаған. Оған шыдамаған қыз асылып өлген.

  2. Кызбала мектеп ережесин сактауга миндетти дегенмен катыгез адамнан мектеп деректоры шыкпаидыго жолатпау керек балалар арасына ондаиды

  3. қазіргі таңда өз – өзіне қол жұмсау көбейіп бара жатр. мени тан қалдырғаны ьАйнурдын өз-өзіне қол жұмсауы. мектеп директорының көп кінәсі бар бұл талай басымыздан өткен . Қызылорда обылыснда да болды. мен өзім ішкі істер бөлімінде істеп жүріп ашалмаған қылмыстық оқиғаны аштым бұл күрделі жағдай интернатта көбіне мұғалімдер директордын айтқанына көніп өз дегендерін толық жеткізе алмайды. директорды тексеруге алып жолдарын біліп интернаттағы жолдастарынан біліп ата аналары нан сұрап зеріттеу керек нәрсе мүмкіндік болса осы мәселені зеріттевсем екен. Жұмбақ күйінде қалған өлімді ашам деген ойдамын. осы жұмыс бабы мен шарадара ға ауыссам деп отырм. Сиздерге Айнунрдын өлімі туралы жұмбақ өлімді ашып берем.

  4. Окушылармен калай жумыс истеуди билмеген сол ушин адам омири киылды \тикелей болмасада себепши\жеке сойлесип психически комек корсетип колдау корсету керек еди\набарод журт козинше акылсынбай\ол кыз оте туйык,уян болатын,озиндегиден катты кысылатын\
    САН ТУРЛИ ОЙЛАР БОЛГАНМЕН ДИРЕКТОР СЕБЕПКЕР ОЛИМИНЕ,ЕШКИМ ТАГДЫРЫНА БЕРМЕСИН,,,,

  5. Бұл қыздын жеке өмірі ауыр болды кішкентайынан тері ауруына шалдыққан болатын!сол үшін қиналып-қысылып жүретін,тартынып ешкімге сездирмей жүруші еді.денесіндегіні киімімен жасырып,шекесіндегіні кекілімен корсетпей жүруші еді .Ал бір күні директордын қиялына тура кеп жиналыста кекіліңді құрт деп,ауыр сөздер айтып,мектеп қыздарының көзінше денесіндегі озгерістер жайлы әңгіме айтып,ұрысып жылатып,құрдастыры ол жайлы біліп таңыркап,сескеніп калған.Бұлай өмір сүргенше өлімнен артық жол жоқ деп.Жұрттың көзінше кемістігін ашкере қылғанына шыдай алмай күйікпен ӨМІРДЕН баз кешті!
    Хош бол!БІЗ СЕНІ ҰМЫТПАЙМЫЗ!

  6. егер де кыз олімі жумбак болып отырса арине бир нгарсени билип отыр оздеринин атагын жаман атка калдырмас ушин арким озин жауып отыр арине мундай истерге берилип кириспесен бул олим ешкимди де кызыктырмайды

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз