Білім саласын дамыту бағдарламасы – басты назарда
2019 ж. 20 шілде
2709
0
Білім саласын дамыту бағдарламасы қай кезде де басты назарда. Сондықтан, болса керек, Елбасымыздың да әр жыл сайынғы Жолдауларында білімге бағытталған нақты тапсырмалардың беріліп отыратындығы. Бүгінгі күні де ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдап, министрліктің қазіргі жұмыстары, негізгі бағдарламалық құжаттардың жүзеге асырылуы, сондай-ақ, берілген тапсырмалардың орындалу барысымен жете танысты.
Кездесу кезінде сала басшысы Асхат Аймағамбетов Білім саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының әзірлену барысы туралы кеңірек баяндады. Білім саласындағы басты мәселелермен толығырақ танысқан Қасым Жомарт Кемелұлы жаңа мемлекеттік бағдарламаның мазмұны мен осы құжатта шешілуге тиісті міндеттер жөнінде өз ұсыныстарын да ортаға салды.
Сонымен қатар, ұлттық университет ректорларын Президент жарлығымен тағайындау процедурасы күшін жойып, ендігі жерде аталмыш оқу орындарының басшылары конкурстық негізде Үкімет қаулысымен тағайындалмақ.
Г.Бақытжанқызы
qazaquni.kz