«Болашақ» бағдарламасын жетілдіру қолға алынды

Елімізде «Болашақ» бағдарламасы арқылы шетелде білімін жетілдіріп келіп, егемен елдің жарқын келешегі үшін елеулі еңбек етіп жатқан болашақтықтар жетерлік. Бүгінгі күні өзінің жемісін беріп келе жатқан аталмыш бағдарламаны одан әрі жетілдіре түсу қолға алынбақ. Бұл тұрғыда Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «Болашақ» бағдарламасы даму процестерін тыс қалмауы керектігін атап айтты. «Болашақ» бағдарламасы өте жақсы нәтиже беруде, өзінің тиімділігін көрсетті. Қазақ­стандықтардың көбісі бұл бағытта білім алды, бұл өз кезегінде «әлеуметтік лифт» болды. Атап айтқанда, бұл бағдарлама да эволюцияға ұшырайтыны анық. Осы орайда, біз тиісті тапсырманы алдық және оның аясында қажетті құжатты даярлаймыз», – деді министр өз сөзінде. Ел болашағы үшін«Болашақ» бағдарла­масына қатысу талаптарын өзгертуді тапсырған Президент Қасым Жомарт Тоқаев бағдарламаның ел дамуына өзінің орасан зор септігін тигізетінін атап өтті. Г.Бақытжанқызы qazaquni.kz