Мерейтой құрметіне жаңа балабақша ашылды
2019 ж. 20 шілде
2537
0
Республика көлемінде мектепке дейінгі білім беру ісін дамыту тұрғысында көптеген ілкімді істер атқарылып келе жатқаны көпке аян. Осындай игілікті істердің бір парасы Ақмола облысында да жүзеге асуда.
Көкшетау қаласының 195 жылдық мерейтойы құрметіне орай тарту ретінде 280 орындық №20-шы «Zerek» балабақшасы пайдалануға берілді.
Салтанатты шараға Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев қатысып, жергілікті халықты құттықтап, жүрекжарды лебізін білдірді.
Осынау игі істің «Балапан» мемлекеттік бағдарламасының аясында жүзеге асқанын атап өткен өңір басшысы кішкентай бүлдіршіндердің өнерін сүйсіне тамашалады. «Zerek» балабақшасы меңгерушісі Бану Нүпілованың айтуынша, 280 орынға шақталған мектепке дейінгі білім беру мекемесінде 12 топ жұмыс істейді.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиясы, денсаулықты қорғау және сауықтыру технологиясы, үштілді, балалардың ғылыми-экспериментальды жұмысы, қосымша білім (бейнелеу өнері, хореография) сияқты бес бағытта жұмыс істейтін балабақшада балалдардың интеллектуалдық дамуына барлық мүмкіндіктер қарастырылған.
Заманауи кабинеттер, көркем әдістемелер, төсек-орындар мен асханалар да балапандарымыздың игілігі үшін қызмет етпек.
Г.Бақытжанқызы
qazaquni.kz