Тіл жанашырлары марапатталды

в

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай, Астана қаласындағы «Бейбітшілік және келісім» сарайында қазақ тіліне шынайы жанашырлық танытып, нақты ісімен қазақ тілінің көркеюіне үлес қосқан азаматтар «Тіл жанашыры» Құрмет белгілерімен марапатталды. «Тіл жанашыры» қоғамдық бірлестігі (Құрметті төрағасы Махмұд Қасымбеков)бастамасымен Мәдениет министрлігі Тіл комитеті тіл жанашырларын марапаттауды үш жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырып келеді. Биылғы «Тіл жанашыры» Құрмет белгілерімен «Жас қазақ» газетінің бас директоры, редакторлар кеңесінің төрағасы, ақын Қазыбек Иса, қазақ айтыс өнерінің ұйымдастырушысы, ақын Жүрсін Ерман, «Қазақстан – Заман» газетінің бас редакторы Ахмет Аляз, «Алаш айнасы» газетінің бас редакторы Серік Жанболат, «Болашақ» қауымдастығының төрағасы Бауыржан Байбек, «Қазақша «Википедия» қоғамдық қорының басшысы Рауан Кенжеханұлы, Қазақстан» ҰТК-ның жүргізушісі Мая Веронская, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы Намазалы Омашев, республика Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалау сот алқасының судьясы Әділ Құрықбаев, «Хабар» агенттігі АҚ басқарма төрағасы Айдос Үкібай, «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп, «Алтын қыран» компаниялар тобының бас директоры, меценат Исламбек Салжанов, «Нәтиже» сүт фабрикасының директоры, меценат Ерлан Әшімов, «7» телеарнаның директоры Бибігүл Жексенбай, «Қазнефтегазпром» компаниясының президенті, меценат Жәнібек Елекбаев, «Айгөлек» журналының бас редакторы Қымбат Әбілдина және сазгер-әнші Марат Омаров марапатталды.

Әсел РЗА