Тіл жанашырлары марапатталды

7
2617

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай, Астана қаласындағы «Бейбітшілік және келісім» сарайында қазақ тіліне шынайы жанашырлық танытып, нақты ісімен қазақ тілінің көркеюіне үлес қосқан азаматтар «Тіл жанашыры» Құрмет белгілерімен марапатталды.

«Тіл жанашыры» қоғамдық бірлестігі (Құрметті төрағасы Махмұд Қасымбеков)бастамасымен Мәдениет министрлігі Тіл комитеті тіл жанашырларын марапаттауды үш жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырып келеді. Биылғы «Тіл жанашыры» Құрмет белгілерімен «Жас қазақ» газетінің бас директоры, редакторлар кеңесінің төрағасы, ақын Қазыбек Иса, қазақ айтыс өнерінің ұйымдастырушысы, ақын Жүрсін Ерман, «Қазақстан – Заман» газетінің бас редакторы Ахмет Аляз, «Алаш айнасы» газетінің бас редакторы Серік Жанболат, «Болашақ» қауымдастығының төрағасы Бауыржан Байбек, «Қазақша «Википедия» қоғамдық қорының басшысы Рауан Кенжеханұлы, Қазақстан» ҰТК-ның жүргізушісі Мая Веронская, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы Намазалы Омашев, республика Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалау сот алқасының судьясы Әділ Құрықбаев, «Хабар» агенттігі АҚ басқарма төрағасы Айдос Үкібай, «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп, «Алтын қыран» компаниялар тобының бас директоры, меценат Исламбек Салжанов, «Нәтиже» сүт фабрикасының директоры, меценат Ерлан Әшімов, «7» телеарнаның директоры Бибігүл Жексенбай, «Қазнефтегазпром» компаниясының президенті, меценат Жәнібек Елекбаев, «Айгөлек» журналының бас редакторы Қымбат Әбілдина және сазгер-әнші Марат Омаров марапатталды.

Әсел РЗА

7 ПІКІРЛЕР

  1. Cәлеметсіздер ме? Рахмет көмекшілік хабарлама бергендеріңе.Енді менде біліп қатарларыңа қосылып отырым.

  2. Қазыбек, ұлтшылдығыңызбен Сіз қандай да марапатқа иесіз! Оқығанымнан табанда жазбағаным, мына Сізге белгі беріп тұрған көрікті қазақ келіншегінен қызғанғаным еді. Енді Мұхтар ағам секілді, Сіз де қазақтың бүкіл ұлтшыл қыздарының (әйелдерінің, келіншектерінің) ғашықтық сезімін оятатын болдыңыз ау. Бұл әрине, Сіздің отбасыңызға еш сына қаққандық емес, қайта қосағыңызбен қоса ағарыңыз, ол да Сізді әрдайым жоғары бағалап жүрсін, ол кісі бақытты енді. Біздікі сырттан Алланың шапағатына иеленіңіз деген тілектестікқой.
    Үлкен құрметпен ұлтшыл замандасыңыз.

  3. Осы сайлау тәуелсіз елдің ақырғы сайлауы болуы шығар. Сондықтан қапы қалмай, қолдан келері, әрқайсымыз пендешілік (партия ішіндегі біреулерге ренжу, жақтырмауды), кешіріңіздер, ышқырығымызға қыстырып, КО,ЭА қарсы келетін, қазақтың да мүддесін алға қоятын (мейлі қай тілді болса да) партияларға дауыс берейік ағайын! Жеттік енді! Қазақстан ел ретінде қауіптілікте!
    Руза

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз