Мемлекет басшысы метромен жүріп өтті

0
874

елбасы

Тамыздың 2-і күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласында салынып жатқан метро құрылысы нысанында болып, тасымал қызметінің іске қосылу жұмысына қатысты. Еліміздегі алғашқы метро қызметінің «Абай» және «Жібек жолы» стансалары аралығындағы бағытты жүріп өткен Президент метро құрылысындағы қызмет көрсету сапасы мен азаматтардың қауіпсіздік шарасы секілді бірқатар мәселелерге назар аударып, жіті бақылады. Қазіргі уақытта метрополитеннің бірінші желісінің бірінші кезегінің құрылысы аяқталды. Райымбек даңғылында орналасқан метро Фурманов көшесі бойымен Абай даңғылына дейін, одан әрі бұрылыс жасап, батыс бағыттағы Гагарин даңғылына дейін жалғасады. Бірінші кезеңнің ұзақтығы қос жолтабанға есептелінген 8,56 шақырымды құрайды және оған «Райымбек батыр», «Жібек жолы», «Алмалы», «Абай», Байқоңыр», «М.Әуезов атындағы театр» және «Алатау» деп аталатын жеті станса қосылады. Алматы метрополитенін жобалау кезінде қаланың тау-геологиялық жағдайы, сейсмикалық және географиялық орналасуы қатаң есепке алынған. Жобаның жалпы ұзақтығы жерасты тауы арқылы 21,74 шақырымды құрайды екен. Осы жылдың шілде айында Алматы метросының алғашқы бағытына қатынайтын желіге темір жол рельстері төселген. Президент Сапар аяқталғаннан кейінгі журналистермен болған әңгіме барысында Мемлекет басшысы Алматы қаласы тәуелсіздігіміздің алтын бесігі екендігін айта келіп. Барлық істердің қайнар көзі осында, егемен Қазақстанның тарихы еліміздің осы нүктесінен бастау алады. Тәуелсіздігіміздің мерейтойына барша еліміз дайындалуда. Қазақстанның ырғақты экономикалық өсімі қайта түледі, еліміздің барлық өңірінде құрылыстар қызу жүргізілуде және қарқынды дамып келеді. Біз қоғамда бейбітшілік пен келісімді нығайттық, азаматтарымыздың әл-ауқаты артты, – деді. Одан әрі Елбасы Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығын Алматы қаласы жақсы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерімен қарсы алып отырғандығына назар аударды.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз