Әлихан БӘЙМЕНОВ: Бізді қаралағандар, сонысымен-ақ демократ емес екендерін дәлелдеді...

Алихан

Ардақты армандастар!

Бүгін ел үшін де, мындаған ақжолдықтар үшін де ерекше қуанышты да жауапты күн. 9 жылдан астам тарихы бар партия өз өмірінің жаңа кезеңін бастады. Кез келген әлеуметтік ұйым өз өмірінде жаңғыруды қажет етеді. Әлеуметтік ұйымның жаңғыруы, жаңаруы оның өміршеңдігінің факторы болып табылады. Жаңарылмаған ұйым ағынсыз су секілді көктеп көгеріп, байланып кетеді. Сол себептен бүгінгі күн жаңғыру күні. Сонымен қатар бүгінгі күн «Ақ жол» өшеді дегендердің күйінетін күні, «Ақ жол» өседі дегендердің сүйінетін күні. Осы сүйінетін күндеріңіз құтты болсын!

Сан ғасыр тарихында сан қилы атаумен тарих сахнасында көрінген біздің халқымыз осыдан жүз жыл бұрын қоғамдық-саяси дамудың заманауи жолына түсуге алғашқы талпыныстарын жасаса, 20 жыл бұрын Жаратқанның қолдауымен өз мемлекеттігімен қайта қауышты. Түрлі сыртқы күштердің де, қатал табиғаттың да әсерінен өзінің қалыпты даму жолынан бірнеше рет ауытқыған, рухани мәдени темірқазықтарынан айырыла жаздап, қайта қауышқан халық үшін, тәуелсіздік - бақ та, бақыт та, сынақ та екені сөзсіз.

Мемлекеті бар ұлттың мақсат-мұраты да биік.

«Ақ жол» алғашқы күннен бастап «жетістікті көрмеу - соқырлық, кемшілікті көрмеу - жаны ашымағандық» деп келеді. Шынында да жиырма жылдағы жетістіктеріміз баршылық. Үлкен іс алыстан көрінеді дейді, жетістіктеріміз туралы мен әдетте алыс шетелде жүргенде көп естимін. Дегенмен, азаматтың парызы тоқмейілісу емес, елдегі оң өзгерістерді қоғамдық қолдау арқылы тездетудің қажеттілігін түсінген біз осыдан он жылдай бұрын партия құрдық. Бірақ қоғамды өзгерту құпиялары мен мемлекеттік тетіктерді терең зерттеп түсіну тәжірибесі әлі де болса аз болып шықты.

Оның үстіне алғашқыда партияны қаржылай қолдаған алпауыттар оны ұлтты дамыту үшін емес, өздерінің билікке өкпесі мен ойыны үшін жасағаны белгілі болды. Олардың ойынына ергендер партиядан кетті. Ал біз өкпемен өмір сүру рухани өкпенің қараюына әкелетінін түсіндік. Бізді қаралауға күш салғандар, сонысымен-ақ өздерінің демократ емес екенін дәлелдегендерін айттық. Олар үшін де, Әлекеңнің сөзімен айтсақ, айыр пікір айып болып шықты, яғни олар талассыз өмірді жайлы өмірді аңсайтындар екен, бірақ өздері билікте болса ғана. Өзімен келіспегенді қаралауға құмар сол топтардың қолына қазіргідей азын-аулақ басылым емес, республикалық «Қазақстан», «Хабар» секілді арналар болса, олар өздерінің пікірімен келіспейтіндермен не істейді екен деген сұрақ туындайды. Олар билікке келсе не істер едік? Барлығын қаралап үйренгендер 1917 жылдан 1937 жылға бірақ алып келетіні мен үшін аян. Уақыт өте халық олардың кім екенін түсініп келеді.

Біз болсақ жасампаздық күш ретінде қалыптастық. Сондықтан да партия қоғамда өзінің жасампаз күш ретінде орнын алды. Сол себептен де қаншама рет өткізілген шетелдіктердің, біздің елдің мамандарының әлеуметтік зерттеулері бойынша, қаржысы болмаса да, басылымдар пікірін көбірек баса қоймаса да, «Ақ жол» тұрақты түрде «Нұр Отаннан» кейін екінші орынды алып келеді.

Бізбен бірге демократиялық бағыттамыз деп жүрген кейбір партиялар бір мәселені түсіну керек. Қазақстан қоғамында - тәуелсіздік, тұрақтылық, табыс - әрбір қарапайым адам үшін басты құндылықтар. Ал біздің тұрақтылықты тоқырауға айналдырмауға бағытталған күш екенімізді халық сезінеді. Тұрақтылықты тұрақты дамытуға бағытталған күш екенімізді халық біледі. Халық та сонысымен, сол пікірімен-ақ айыр пікір айып емес екенін көрсетіп отыр. Екінші жағынан, «Ақ жолдың» осы жылдардағы артықшылығы - біз тек жалаң саяси мәселені ғана көтерген жоқпыз. Өздеріңіз де түсінетін боларсыздар, таза саясат сайлау жоқ уақытта халықтың 5-10 пайызын ғана қызықтырады. Қалған халық үшін басқа мәселелер қызықты, өзекті . Біз сол себептен де өзіміздің партия жетекшілігінде білікті, білімді азаматтардың болуына байланысты руханият мәселесі, мемлекет пен діннің қарым-қатынасы, ұлт саясаты, экономика, әлеуметтік қорғау, еңбекті қорғау мәселелерін жүйелі түрде көтеріп, оның шешу жолдарын ұсынып жүрдік.

Сол себептен де, партия бүгінгі күні өзінің қоғамдық санадағы тұрақты орнын алды. Бізді қолдаушылар - ол өзінің болашағына, өзінің бала-шағасының болашағына, өзінің мемелекетінің болашағына немқұрайлы қарай алмайтындар. Бізді қолдаушылар - өздерін азаматпын деп, осы елдің тағдырына жауаптымын деп сезінетіндер. Солардың ең алдыңғы қатарында солардың жетекшілері болып, сіздер жүрсіздер. Мен сөз орайы келгенде, барлықтарыңызға осы 9 жылдан астам уақытта талай қиындықтарды көріп, талай партия ішіндегі пікір-таласты жүректеріңізден өткізіп, төрт жылдай қаржы алмасаңыздар да партияның ісін тастамай, аудандармен байланысты үзбей, Орталықпен байланысты үзбей, «Ақ жолдың» туын желбіретіп жүргендеріңіз үшін шын жүректен өзімнің алғысымды айтқым келеді.

Бүгінгі қоғамдық даму кезеңінде біз шеше алмаған да партияның мәселелері бар, оны біз мойындауымыз керек. Оның ішінде әрине қаржы мәселесі де, екінші жағынан әлеуметтік қолдаудың жаңа топтарын тарту мәселесі. Бірақ, біз партияның тәжірибесіне сүйеніп, партия бір алпауытқа тәуелді болмау керек екенін 2004 жылдары түсінгенбіз. Ал олай болмау үшін қазақ қоғамында бізден басқа да, саяси партиялардан басқа да, ірі әлеуметтік топтың пісіп жетілуі қажет болды. Ол біздің іскерлердің тобы. Олар да үлкен жолдан өтті. Олар басында әрқайсысы өзінің жеке істерін ойлаудан уақыты артылмаса, кейін сол істің алға жүруі үшін де Үкімет пен Парламенттің шешімдеріне әсер ету қажет екенін түсінді. Сол түсініктен түрлі-түрлі кәсіпкерлердің одақтары, ассоциациялары құрылды. Кейін олар бірігіп үлкен «Атамекен» секілді одақ пайда болды. Ал енді қазір кәсіпкерлер одан әрі де қадам жасап, өздерінің әлеуметтік мүдделерінің қалыптасып піскенін біліп, өздеріне одақтас саяси күш іздей бастады, өздеріне пікірлес саяси күштер іздей бастады. Сол күшті «Ақ жол» партиясы деп тапқанының өзі біздің партия үшін үлкен мәртебе, біз үшін үлкен құрмет, олар үшін көреген қадам деп есептеймін.

Сондықтан да біз, партияның ардагерлері, таяу арада партияға кіріп жатқан, бүгін осы залда делегат болып бір шама өкілдері отырған кәсіпкерлер әлеуметіне қош келіпсіздер, әр қарай армандас болып, Ақ жолмен бірге жүрейік деп айтқым келеді!

Дорогие соратники!

Опыт модернизации ряда стран мира, которые проходили схожий с Казахстаном путь развития общественных экономических отношений показывает, что качественный рывок модернизации возможен тогда, когда в стране формируется определенный слой экономически активных людей, осознающих свои общие интересы в социально-экономической политике. В этой связи представляется закономерным, что в нашей стране сообщество предпринимателей прошло эволюцию своих общественных объединений, эволюцию механизмов защиты своих интересов. В свое время были созданы союзы предпринимателей, ассоциации предпринимателей, отдельные объединения работодателей и постепенно начала выкристаллизовываться необходимость перехода от уровня общественно-профессиональных объединений к отстаиванию своих интересов в представительных органах через политические партии.

Если проводить исторические параллели, мы видим что почти 100 лет назад, когда впервые в истории казахского народа начали создаваться политические партии, отражающие интересы нации, в первую очередь партия «Алаш», ставившая своей целью вывести государственное строительство, нациестроительство на новый уровень, старалась вбирать в себя наиболее активных представителей элиты. С одной стороны, это были представители творческой интеллигенции, политической элиты, с другой - это были обеспеченные люди представители казахского бизнеса того времени. Не случайно после революции советская власть, сразу после репрессий в отношении политического руководства «Алаш», взялась преследовать всех успешных казахских бизнесменов, приклеив им ярлык «бай». Мы все помним, что с детства нам пропоганда вбивала мысь, что бай – это нехороший человек, бай – это плохой человек. Мы все помним, что советская идеология старалась привить отрицательное отношение к любому обеспеченному человеку.

Партия «Ак жол», которая имеет свое устойчивое место в общественном сознании и ассоциируется в первую очередь с поднятием проблем социального развития, духовности, культуры, одновременно, всегда поднимала вопросы создания нормального инвестиционного климата. Сегодня партия обретает новое качество с вступлением в наши ряды представителей казахстанского бизнеса, можно сказать, достойных представителей национальной буржуазии. При этом мы, члены партии, которые больше ассоциируемся с проблемами социально-культурного и духовного развития, проблемами защиты человека труда, понимаем, что в основе экономического развития лежит деятельность и готовность к риску представителей бизнеса. Ведь именно бизнес создает рабочие места и организует дела по повышению общественного благосостояния. Одновременно, создание условий для развития бизнеса повышает как конкурентоспособность страны в целом, так и возможность бюджета по решению социальных проблем, о которых говорит «Ак жол»: по повышению финансирования образования, науки, здравоохранения и поднятию на новый уровень развитие казахстанской культуры, по укреплению конкурентоспособности информационного пространства. Все это вместе, мне кажется, будет предопределять в концептуальном плане обновленное место партии «Ак жол» в политической системе страны.

Если же говорить о человеческой стороне, то здесь тоже есть взаимодополняемость. Я хочу сказать, что за девять с половиной лет члены партии на местах обрели необходимый опыт общественно-политической работы. Здесь представлены председатели филиалов, которые даже в условиях полного отсутствия финансирования смогли сохранить контакты и связи в районах, крупных населенных пунктах и при необходимости мобилизации они могут быстро организовывать и разворачивать штабы по предвыборной работе. Немаловажно и то, что партия прошла через несколько выборных кампаний. Многие члены партии, в центре и на местах, обрели большой опыт политических дискуссий и политических дебатов.

Хочу отметить, что конечно, как после каждого нашего съезда найдутся те, кто, как обычно, будут критиковать, шельмовать, очернять. В этих условиях для достойного оппонирования структурам, афеллированным с этими людьми, важно, чтобы в составе партии, в составе руководства партии были люди, которые хорошо знают историю партии, историю взаимоотношения с различными общественно-политическими силами. В этом вопросе хочу сразу сказать, что за эти годы мы обрели свое место в казахстанской политике благодаря тому, что всегда занимали конструктивную позицию. Мы старались не отвечать на попытки втягивания нас в бесполезные дискуссии о том, кто прав. Мы старались соревноваться в созидательных делах. Мы всегда предлагали пути решения проблем, но при этом старались не отвечать на попытки очернения партии. Мы убеждены - тот, кто живет обидой, кто видит во всем только негатив, постепенно (будь то организация или личность), теряет свою созидательную энергию, теряет свое созидательное начало. В этом подходе, я хочу сказать, конечно, бизнес по своей сути близок к нам. Бизнес по своей природе представляет созидательную силу, и бизнес по своей природе заинтересован в устойчивом развитии страны.

Мы должны четко представлять, что бизнес, который связывает свое будущее с нашей страной, бизнес, значительная часть доходов которого зависит от покупательной способности населения, заинтересован в повышении благосостояния населения. Мы понимаем, что улучшение инвестиционного климата связано с акцентированной и целенаправленной борьбой с коррупцией, снижением административного давления на бизнес - это темы, которые партия «Ак жол» всегда поднимала и которые составляют сердцевину экономического блока наших предвыборных программ. Поэтому в концептуальном и человеческом плане, вступившие в «Ак жол» новые силы создают не только новые политические возможности, но и очень органично вписываются в историю и идеологию партии.

Одновременно, мы участвовали в тех площадках и формах сотрудничества, которые предлагались альтернативными власти силами, ассоциирующиеся сегодня, может быть, с более радикальными силами в обществе. В этой связи я хочу сказать, что коллективная совесть «Ак жола» и перед этими силами чиста. Мы всегда поддерживали общие начинания. Я могу привести два примера. Мы были одними из инициаторов создания народного общественного парламента. Более того, я скажу, что договор о создании общественного парламента пяти партий, подписывался прямо в офисе «Ак жол». Но после того, как мы избрали председателя, в силу аппаратных игр, пять партий оказались забытыми, как будто не они создавали этот общественный парламент. Такой же подход был продемонстрирован буквально недавно, когда наш алматинский филиал в лице Бурихана Нурмухамедова, Абдразаха Султанова проявил инициативу и поддержал митинг, организованный несколькими силами, которые принимали участие в создании общественного парламента. Это было всего месяц назад. Из четырехсот человек примерно семьдесят были представители партии «Ак жол». Эти силы не допустили Бурихана Нурмухамедова к выступлению, не отобразили участие наших представителей в резолюции, более того, постарались сделать так, чтобы флаги «Ак жола» не были видны на этих фотографиях. Это показывает, что на самом деле эти силы находятся еще на детском этапе развития общественно-политического сознания, на уровне личностных обид и разногласий.