
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Астанада ҚР Сыртқы істер министрлігінің төрағалық етуімен өтіп жатқан Ислам Конференциясы Ұйымына мүше мемлекеттер және Сыртқы істер министрлер кеңесінің 38-ші сессиясында «E-Islam» интернет ресурсын құруды ұсынды. Біздің алдымызда маңызды екі мәселе тұр. Оның бірі - саяси идеология ретінде діни фундаментализге қарсы тұрып үйрену. Біз исламның саяси зорлықпен, экстремизммен, терроризммен еш байланысы жоқтығын анық білдіруіміз керек. Жетінші Дүниежүзілік Ислам Экономикалық форумы барысында мен бірегей ислам-медиалық жобасын құруды ұсындым. Бүгінгі таңда Интернетте әрекет ететін қуатты медианың басқыншылығы айқын білінеді. Осыған орай, мен «Е-Islam» интернет ресурсын құруды ұсынамын, - деді мемлекет басшысы. Президенттің айтуынша, бұл ресурс Ұйым қызметінен ақпарат таратып қалмастан, жастардың дінге, ислам мәдениетіне қызығушылығын ынталандырады екен.
Әсел КЕҢЕСҚЫЗЫ