Темірәлиев пен Хасеновтің өлімі жүз пайыз анықталды

ПРЕЗИДЕНТБас прокурор Асхат Дауылбаев пен Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Ел басы Нұрсұлтан Назарбаевқа Жолдас Темірәлиев, Айбар Хасенов және Алтынбек Сәрсенбаев өлімінің деректері бойынша жүргізілген қылмыстық істің нақты нәтижесін таныстырды. 2007 жылы жасалған Темірәлиев пен Хасеновқа қатысты қылмыс туралы толығымен, Бас прокурор Асхат Дауылбаев топ-менеджерлерді мүлікті иелену мақсатында Әлиев, Кошляк және өзге адамдардың басшылығымен қылмыстық топ ұрлап әкеткендігін баяндады. Алдымен Әлиевтің Алматыдағы резиденциясында банкирлерді психотроптық препараттардың көмегімен азаптаған. Одан кейін Темірәлиев пен Хасеновті Ремизов сайына алып кетіп, тұншықтырған дейді. Қазір іс бойынша 20-дан астам сараптамалық зерттеулер жүргіздік, осы қылмыстың болған дерегін көрсетіп отырған 30-ға жуық куәгерді сұрадық. Қазіргі уақытта қылмыскерлерге сырттай айып тағылып, сот арқылы қамауға алу шарасы белгіленіп, оларға халықаралық іздеу жарияланды, - деді А. Дауылбаев. Мемлекет басшысына сондай-ақ қылмыскерлер жазадан қашып кетпесі үшін қандай шаралар қабылданғаны жөнінде мәлімдеді. Қазіргі уақытта қорғаушылар Әлиевті экстрадициялау туралы мәселе қойып отыр, алайда ол жауапкершіліктен қашуға ұмтылып, өзіне диссидент ретінде имидж қалыптастыруда, өзінің сайтында жалған ақпа­рат­ты әдейі тұрақты таратуда дейді. - Бұл дәлелі дерекке негіз­делмеген жала және жалған құжаттар болып табылады. Біз бұл деректі австриялық сот орындарына бірнеше рет дәлелдедік. Атап айтқанда, Интерполдың еуропалық бөлімінің бастығы Германиялық доктор Роцелля тарапынан тексеріс жүргізілді. Ол барлық ұсынылған материалды зерттей келе, ұсынылған материалдар бұрмаланған құжаттар болып табылады деген нақты тоқтамға келді, - деп атап өтті А. Дауылбаев. - Біз бұл қылмысқа қатысы бар топ мүшелерінің бәрін анық зерттедік. Олардың бәріне үкім шығарылған, бәрі жазасын алды. Бас прокуратура ретінде біз іс толық, жан-жақты және объективті түрде тергелген деп нақты айта аламыз. Сот шешімі заңды және объективті, - деді Бас прокурор. «Нұрбанк» топ-менеджер­лерінің өлтірілуі туралы өз мәліметтерін Президентке Ішкі істер министрі баяндады. Тергеу барысында қылмыскерлердің нақты ғимараттарын анықтады. Куәгерлердің көрсетіп берген­дері ғана емес, сондай-ақ Әлиев пен Кошляктің ұялы теле­фон­дарының биллингі де оны дәлелдеді. - Ремизов сайынан табылған Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасеновтің денелері екені жүз пайызға анықталды. Бірінші кезекте, бұл молекулярлық-гендік және медициналық-крими­налистикалық сараптаманың нәтижесі, қиянат көргендердің денесі. Біз 2007 жылы қол жеткізген дәлелдер мәйітті тапқаннан кейін де жаңадан дәлелденді. Біз Темірәлив пен Хасеновтің өлімі ашылды деп бүгінгі күні жүз пайыз сеніммен айта аламыз және айып тағу үшін бізде даусыз дәлелдер бар, - деп атап өтті Қ. Қасымов. Кеңестің қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Күш құрылымдарының басшыларына бірқатар тапсырмалар берді. - Сіздер өз жұмыстарыңды жалғастыруға тиіссіңдер. Бас прокуратура да, ІІМ де, қылмыскерлерді экстрадициялау үшін, банкирлер өлімі бойынша кінәлілер сот алдында жауап беруі үшін және заң алдында жауапкершілік алуы үшін, соның негізінде барлық қажетті шараларды қабылдау үшін, осы іс бойынша тексерісті жеке бақылауда ұстауларың қажет. Австрия үлкен экономикалық қарым-қатынастар орнатқан біздің әріптесіміз болып табылады. Енді австриялық билік әділдік салтанат құруы үшін, қылмыскерлерді бермеуге дәлелдері жоқ. Рахат Әлиев үрей үстінде, сондықтан жалған айтып, жас адамдардың өз қолдарынан өлтірілуі туралы осы деректі жауапкершілігіне алудан қашып, өзіне тағылған күдікті алып тастағысы келеді. Соның бәріне қарамастан, біз істі аяғына дейін жеткізуіміз керек, - деп қадап айтты мемлекет басшысы. Сонымен қатар, президент Бас прокуратураға Рахат Әлиев баспасөзде және Интернетте жариялаған мәлімдемелер мен материалдарға құқықтық баға беруді тапсырды. Ал, таяуда Австрия мемлекеті Рахат Әлиевті қазақстанға экстрадиция жасаудан бас тартты. Әсел РЗАЕВА