Елбасы мұсылман әлемін бірлікке шақырды

исламБүгінгі таңда әлем елдерінде қалыптасқан теріс пікірді дұрыс түсіну мақсатында Елбасы мұсылман әлемінің бірлігін үндеп, Исламға көрсетілген қысымға қарсы екендігін байқатты. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі кезде ислам қоғамын қайта жаңғырту қажеттігі айқын байқалып отыр деп санайды. Бұл туралы Астанада өткен VII Дүниежүзілік ислам экономикалық форумында мәлімдеді. Аталмыш форум, Қасиетті Кұран кәрімді оқумен басталды. Елбасы Ислам Конференциясы ұйымының қатысушы мемлекеттерін «үлкен сегіздік» үлгісімен «G ондығын» құруға шақырды. Сонымен қатар, Біріккен ұлттар ұйымының үлгісімен, Ислам елдеріне азық-түлік көмегі жүйесін жасауды ұсынды. Қазақстан президенті бүгінгі таңда Нобель сыйлығы иегерлерінің арасында мұсылман қауымы өкілдерінің жоқ екенін негізге ала отырып, мұсылман қоғамын рухани және ғылыми жаңаруға үндеді. Әсел РЗАЕВА