Ерғалиеваның есі дұрыс па? Ми жетпеген жерде… қи тұратын жерді… іске қосу басталады!..

46
12709

Сақтаныңыздар, сары кемпір Гүлжан Ерғалиева тыржалаңаш шешініп тастады!.. Әзірге интернетте, эфирде… Өзінің сайтын жарнамалау үшін… Құдай сақтасын! Алжиын деген екен… Қазақ әйеліінің азғаны осы ғой. Ұлттың атына кір келтіргені жат тілде жат тәлімін, теріс тәрбие алғанының кесірі ғой… Анық рейтинг керек болса, көшеде жалаңаш жүрмей ме? Жұртты қорқытып, иттердің қуалағаны деген керемет рейтинг, жалаңаяқ қашқан нағыз жалаңаш жарнама емес пе? Байы бар ма, білмеймін, бірақ, бар болса, бұлай істей алмайды ғой… Ал әкесі, қалың қазақ ұйысқан Атыраудың тумасы, Алаштың тарланы, халық ақыны Хамаң ана жақта… күрсініп жатқан шығар… Жат тілде білім бергеніне – жаттың тәрбиесін алғанына опынып жатқан шығар… Қайран, Хамит Ерғалиевтер секілді адуынды ақындар заманы болса, жалаңаштанған қазақ қатынды, кім болса да, аттың бауырына алып, қамшымен сояр ма еді…

«Қай тілде білім алып,  қай тілде сөйлесең, қай тілде ойланып,қай тілде түс көрсең, сол тілдегі ұлт болып саналасың және сол сөйлеген тіліңдегі ұлтқа қызмет етесің» деп, өз ұлтына қарсы қимыл жасап жүрген өзге тілді көзқамандар туралы жазғаным, өкінішке орай, тағы да, кезекті рет расталды… Өйткені, қарап отырсаң, жалаңаштануды жанын салып қолдап, жағы қисаймай жақтап отырғандар кілең орыстілді қазақтар да, қарсы шығып отырғандар қазақтілді қазақтар… Мен Ерғалиеваны жақтағандардың кім болса да, қазақтығына, ар-ұятына, ұлттық намысына күмәнім бар… Олар айтып, ақталып жатқандай, Шындық жолында бұлай күресу (голая правда), шын мәніндегі күрес емес, өзін, өз сайтын жарнамалаудың ең бір бейшаралық һәм жабайылық түрі!.. Жаңа ғасырда тас ғасырының «жалаңаш жарнамасына» жүгіну… «жан тапсырудың» жанталасқан ұсқыны…

Ар-ұят, намыс қалмаған жерде жалаңаштану басталады… Ар-ұят болмаған жерде… киім де керек емес… Намыс жоқ жерде арзан атаққа ұмтылу, мисыз масқаралық шығады. Ми жетпеген жерде қи тұратын жерді іске қосады… Бас жетпегенде басқа жерді пайдалану бәрінің біткендігін көрсетеді…

Сонда жалаңаш кемпір, мейлі қазақты һәм жалпы халықты көзіне ілмей-ақ қойсын, өз бала-шағасынан, немерелерінен, ұл-қыздарынан, күйеу бала, келіндерінен, туған-туыстарынан, құдаларынан, жора-жолдастарынан.., олардың түсінігі бойынша… ең соңында… байынан ұялмай ма?

Елді үйрендіретін емес, жирендіретін бұндай демократияның атын жамылған «демократияның» атасына нәлет!

Қазыбек ИСА

Оқырман пікірлері:

Айдос САРЫМ Шындық пен ардың арасы бар емес пе? Ұят қой осынша жасқа келіп баланың тіршілігін жасаған…

Erich BERD Мдаааа, отважная апашка-жыншайтанка переступила барьер. Но, я надеюсь, что она просто ошиблась, запуталась, что она еще может опомниться, раскаятся и вернуться.

Lola SULTAN Она что не понимает, что это и дети могут увидеть? Зачем детскую психику травмировать?!

Аlibek RysKhan rasinda da Zhin Shaitan pod starosti let

Едил Жанбуршин Шындықты айту үшін тыржалаңаш шешінудің қажеті жоқ, әсіресе қазақ әйеліне, ол үшін Құдай қызыл тілді жаратқан жоқ па?!

Kanagat Mustafin Атын ошсе, карi .. корсет! 🙂

Ardak Katarbayev ол қазнеттің осылай қабылдайтындығын о баста түсінген, бірақ ол қазнетті емес… вертуальды әлемді қаратам деп бел байлаған адам сияқты…
«Көзқарас пен назарға шөлдегендер-жалаңаштанғандар»

Zhantas Kabylbekov Позорище!!!

Сергей РАСОВ

Господа все просто и очевидно. Можно быть порно звездой и попасть в парламент, как это было в недавнем прошлом в Италии. И даже обниматься потом с Жириком. Но Жирик с самого начала выбрал себе эпотаж скандального политика, иного от него и н

Amirkhan OMAROV теперь я ее тупо презираю и насрать на ее проекты )))

Olzhas Khudaibergenov

Да, нынче «разделась» в солидном возрасте не считается плохим. Остался только один критерий – имеет или не имеет право. Интересно, если какой-нибудь насильник педофил тоже будет говорить «имею право» на суде, тоже его надо оправдать (случай конечно крайний, но по-другому как объяснить неправильность критерия)? И видимо успех и моральность действия тоже исчисляется количество комментов. На закон.кз тоже иногда под новостью об ужасном преступлении много комментов. Видимо, преступник все правильно сделал. Короче, компас нравственности нынче перестал работать…

http://www.facebook.com

46 ПІКІРЛЕР

  1. Неси жаман уялмасан билгенинди исте деит. Гулжан озине унаса солаи журе бер. Менин карсылыгым жок. Керемет тусирипсин. Сенин тусирген рекламан базар жок екен. Мундаи жарнаманы бурын сонды кормегем. Ырзамын

  2. Алладан сұрайтыным Гүлжан Ерғалиева сияқты қазақ қыздарын жарық дүниеге жаратпасын.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз