Әлиевтің әлегі қашан бітеді?

Рахат Алев

«Рахат Әлиев жасаған қылмыс үшін Қазақстан сотының алдында жауап беруі керек»,- деген «Болашақ» Республикалық Қозғалысы Еуроодақ елшілігі өкілділігінің алдында бейбіт шеру ұйымдастырды. «Рахат Әлиевтің Қазақстан еліне міндетті түрде эстрадицияланғанын талап етеміз. Австрия мемлекеті біздің ішкі саясатымызға ешқашан араласпауы қажет. Біз өзіміз жеке тәуелсіз мемлекетпіз, біздің мемлекетімізде қылмыс жасаған азаматтар әділ соттың алдында жауап беруі керек,−деген қозғалыс төрағасы Елнұр Бейсенбаев Алиев елге оралмайынша шерулерін доғармайтындығын айтты. Естеріңізде болса, 2007 жылыдың 31қаңтар күні «НұрБанк» топ менеджерлері Жолдас Теміралиев пен Айбар Хасенов із-түссіз жоғалып кеткен еді. Ұзаққа созылған іздеу шаралары ешқандай нәтиже бермеген. Алайда осы жылдың 13 мамыры күні Алматының шет жағындағы тау бөктерінде орналасқан «Қазтелерадио» ғимаратының қойма базасынан олардың мәйіттері табылған болатын. Үш жарым метр тереңдіктегі темір бөшкелерге салынған мәйіттердің басына қара бас киім кигізіліп, полиэтилен дорба ораған. Қылмыскерлер құрбандарын өлтірмес бұрын бірінің шашын тақырлап алып тастаған.Енді біреуінен «Blazer» брендінің этикеткасы сақталған ішкиімнің қалдықтары табылды. Бұған дейін Айбар Хасеновтің әйелі күйеуінің дәл осындай ішкиімде болғанын айтқан еді. Мәйіттердің бірінен табылған тіс протезінің сипаттамалары Темірәлиевтің тіс протезіне дәл келеді. Алайда бәрімізге белгілі Отанына опасыздық жасап, төңкеріс дайындаған, сонымен қатар адам ұрлаған деген айып мойнына ілінісімен 2007 жылы Р.Әлиев бас сауғалап шетел асып кетті. Қазақстанның бірнеше баптары бойынша 20 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім, оған, сырттай шығарылған болатын. Ал австрия тарапы болса, өкінішке орай, оны Қазақстанға экстрадициялауға бас тартты. Хорн қаласының аймақтық басқармасы Әлиевке сонда тұру үшін рұқсат берген де еді. Екі банкирдің мәйіті табылғанан кейін Қазақстанда дауыл қайта көтерілді. Алиевке енді адам өлтірді деген айып тағылуы мүмкін. Дегенмен ол бұл қылмысты жасамағандығын айтып, мойындамай отыр. «Маған кісі өлтірді деп тағылып отырған айыптауларды мойындамаймын және бұған ешқандай қатысым жоқ деп ресми түрде жариялаймын. Менің өмірім Қазақстан халқына қызмет етуге арналған», - деп Р.Әлиев өзінің Twitter парақшасында мәлімдеген. Шерушілер болса Австрия қарсылығымызды естісе, Рахат Әлиев елге оралады деген сенімде. Ол кінәлі болсын, мейлі кінәсіз болсын әділ соттың алдында жауап беруі керек. Олай болмаған жағдайда бұл митинг әрі қарай жалғаса береді деп мәлімдеді шерушілер. Гүлнұр ДОСБОЛ