Қазақстанда ерлер күні 23 ақпан емес, 7 мамыр

солдаты«Қазақстанда ерлер күні 23 ақпан емес, 7 мамыр», - деп атап өтті ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Отан қорғаушылар күні қарсаңындағы Қарағанды облысына жасаған жұмыс сапары кезінде. «Біздер, қазақстандықтар үшін, Отан қорғаушылар күні 7 мамыр болып табылады. 23 ақпан емес, 7 мамыр. Бізді қай күні құттықтау керектігін әйел қауым білсін. Біз оларды 8 наурызда құттықтаймыз. Ал олар бізді 7 мамырда құттықтауды ұмытып кетеді», - деді Н.Назарбаев. «7 мамыр - ерлер күні, Отан қорғау­шылар күні», - деді Президент. «Сондықтан да мен Отан қорғаушылар күні қарсаңында аймақтағы әскери бөлімде болып, әскери қызметшілерді құттықтап, оқу-жаттығуларын көріп, біздің әскерлердің әскери дайындығын сыннан өткіздім», - деп қосты ҚР Президенті. Осыған дейін хабарланған­дай, Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Мемлекет басшысы Қор­ғаныс министрлігінің бірқатар нысандарын аралап көрді. ҚР Президенті - ел Қарулы күштерінің Бас Қол­басшысы Қарағанды әскери гар­низонының әскери даярлығы мен инфрақұрылымымен танысты. Ол әуе базасы мен ре­зервтің әскери қызметшілерін дайындайтын «Спасск» оқу орталығында болды. Спасск полигонында Президент банды­лық құрылымдарды жоюға ба­ғыт­талған тактикалық оқу-жат­тығулардың барысымен танысты. ҚазАқпарат