Сабильянов Ағылшын Патшайымы медалін иеленді

СабильНұртай Сабильянов ағылшынның Елизавета патшайымының арнайы ме­далі алқасына ие болды. Алқа тағу салтанаты Лондон қаласында екінші наурыз күні болып өтті. Халыққа ерекше қызмет еткені мен ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрімізді жаңғырту ісіне сіңірген еңбегі үшін берілген сыйды алу рәсімінде Нұртай Сабильянов өз сөзін былай сабақтаған еді: «Бұл менің ғана жетісті­гім емес, бүкіл Қазақстанның жеткен жетістігі дер едім. Тұңғыш Елбасымыздың салиқалы саясаты арқасында еліміз орта Азиядағы қарқындап дамушы елдер қатарына қосылды». Нұртай Сабильянов – парламент депутаттарының арасында осы награданы алған бірінші тұлға. Өткен жылдың өзінде ғана 12 миллион теңгеге демеушілік жасаған халық қалаулысы. Біз де ұлт руханиятына қамқоршылық жасап, халық жанашыры ретінде танылған Нұртай Сабильяновты осы халықаралық деңгейдегі зор жетістігімен құттықтаймыз!