Нұрсұлтан Назарбаев Түркістанға тәу етті

Алладан кейін аруақты тұлғаларға бас июді парыз санайтын халқымыздың дәстүрі бойынша Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарында Түркістан қаласында болып, аруақтарға арнайы Құран бағыштады. «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорық мұражайына барды. Қожа Ахмет Ясауи кесенесін аралады.   Назарбаев

Нұрсұлтан Назарбаев  қасиетті Түркістан қаласының өсіп-өркендеуін ұдайы назарда ұстап келеді. Жыл сайын Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне Қазақстанның түкпір-түкпірінен, алыс және жақын шетелдерден 450 мыңнан астам адам келіп, зиярат жасайды. Музей қорында 13800-ден астам жәдігер бар. Осындағы ғылыми кітапханада 5000-нан астам құнды кітап сақталуда. - Қорық мұражайындағы ескерткіш­тердің саны - 93. Қорғау аймағы 463,98 гектар жерді алып жатыр. Нұрсұлтан Әбішұлы сонымен қатар  Түркістан қаласындағы жақында ғана салынып біткен мәдени-тарихи этнографиялық орталыққа барды. Ол Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне жақын жерде салынды. Н.Назарбаев мұны дұрыс деп бағалады. Нұрсұлтан Әбішұлы рухани астанаға бір келген сапарында Түрік мемлекетінің президентімен бірге мешіттің алғашқы кірпішін қалаған болатын. Алла қаласа, ол құрылыстың да аяқталар күні де алыс емес екен. Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласындағы жаңа мәдени-тарихи этнографиялық орталықты асықпай аралап көрді. «Бұл бір сәті келген іс болды» деді әңгіме барысында. Нұрсұлтан Назарбаев сапар сәтінде облыс басшыларымен және Түркістан қаласындағы зиялы қауым өкілдерімен де кездесті.

А.Құлтай