ТІЛСЫНАҚ ПА, ЗАҢСЫНАҚ ПА?

Сайлау науқаны басталды. Бірақ қызық жайттың болып жатқанын біреу білсе, біреу білмейді... Президенттікке кандидаттыққа тіл сынағын тапсырған Уәлихан Қайсар мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның шешімімен «28 емлелік қате жіберді» делініп, сынақтан сүрінген болатын. Бұл шешімге наразы болған Президенттікке үміткер ҚР Жоғарғы сотына шағымданған еді. Нәтижесінде Жоғарғы сот тіл туралы емтихан сынағын қайта қарап, У.Қайсардың 4 орфографиялық, 1 пунктуациялық қателер ғана жібергенін анықтады. Енді біз тіл сынағынан заңның сұрағы күшті екен-ау деген ойға қалдық. Ал Мырзатай мырзаның бұл шешімге немесе халықтың бетіне қалай қарайтынын әзірше білмейміз.

Оны аңдағандардың бірі – «Жас қазақ үні» газеті. Алайда, оның нені аңдамай отырғанына көшейік. Кандидаттар Линком (Лин­гивис­тикалық коммиссия) аталатын ОСК алқасына құлдық ұрып, қазақ тілінен сынақ тапсырып жатыр. Бұл қаншалықты заңды?

Біріншіден, «мемлекеттік тілді еркін меңгеру» ұғымы заң жүзінде айқындалмаған талап. Олар Сайлау туралы конституциялық заң мен ОСК-ның кейбір қаулыларында жүргенімен, заң­дарда қолданылатын ұғым­дар ретінде басы ашылып, айқындалмаған беймәлім әрі заңнан тыс ұғым. «Мемлекеттік тілді еркін меңгерген» адамның меңгермеген адамнан айырмасы қандай? Нан сұрай алу ма, сол тілде ұрыса алатын, балағаттай алатын адам ба? Баяндама жасай алса жете ме, жұрттың алдында шешен сөйлеу керек пе, әлде диктанттан бес алу керек пе? Қай сынақ түрінен (диктант, шығарма, ауызекі сөйлеу т.т.) табалдырық қатесі қандай, қанша екенін ешкім де, ОСК Линкомы да білмейді! Екіншіден, аталмыш Лин­комның заңнама жүзінде сынақ жүргізуге құзыры айқын­далмаған, қандай талап қойып, қандай қорытынды шығаратын, кандидаттарды қалай сынайтыны ешкімге де беймәлім. Олар кандидаттарды кіргізіп алып, сабай ма, шай бере ме, ертегі айта ма, аузындағы тісін санай ма - белгісіз! Себебі, Линком мүшелерінің өздері де тілді меңгеру талабын білмейді, оларға меңгеру құралы мен өлшемі берілмеген. Заңнамадан іздестіргенімізде тапқанымыз: ОСК-ның төмендегі екі қаулысы ғана болды, онда Линкомға қатысты тек қана оның құрамы бекітілген, ал Линкомның жұмыс режимі мен тәртібін, процедурасын белгілеген ереже жоқ болып шықты!

Конституционный Закон Республики Казахстан от 28 сентября 1995 г. 54-бап. Республика Прези­дент­тiгiне кандидатқа қойылатын талаптар

1. Президент болып сайлану үшiн азамат Конституцияның 41-бабының 2-тармағында бел­гiленген талаптарды қана­ғат­тандыруға, сондай-ақ Конс­титуцияның 33-бабының 2, 3-тар­мақтарына және осы Конс­титуциялық заңға сәйкес бел­сендi сайлау құқығына ие болуға тиiс. 2. Президенттiкке кандидатқа Конституция мен осы Конституциялық заң қоятын талаптарға оның сәйкестiгiн азаматтың өзiн-өзi ұсыну туралы өтiнiшi немесе республикалық қоғамдық бiрлестiктiң жоғары органының кандидатты ұсыну туралы хаттамасының үзiндiсiн кандидаттың дауысқа түсуге келiсiмi туралы өтiнiшiмен қоса тапсырған кезден бастап бес күн iшiнде Орталық сайлау комиссиясы белгiлейдi. Бұл ретте Президентке кандидаттың Қазақстан Республикасында соңғы он бес жыл тұру фактiсiн Орталық сайлау комиссиясы анықтайды, ал кандидаттың мемлекеттiк тiлдi еркiн игергенiн анықтау рәсімі Республика Конституциялық Кеңесінің Конституцияның 41-бабының 2-тармағына ресми түсiндiрме беруi туралы актiсiне сәйкес Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен анықталады.

 

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2005 жылғы 31 тамыздағы № 12/25 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөнінде лингвистикалық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2005 жылғы 31 тамыздағы № 12/25 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: Қазақстан Республикасының Пре­зиденттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгер­гендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссия­ның құрамы (бұдан әрі – лингвистикалық комиссияның құрамы) осы қаулыға қосымшаға сай редакцияда жазылсын. 2. Лингвистикалық комиссияның құрамы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Қ. Тұрғанқұлов

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Б. Мелдешов

Астана, 2011 жылғы 07 ақпан № 17/25

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2011 жылғы 7 ақпандағы №17/25 қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның құрамы:

1. Жолдасбеков Мырзатай Жолдасбекұлы - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті түркітану кафедрасының меңгерушісі, Түрік әлемі ақсақалдары кеңесінің төрағасы, филология ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша); 2. Қамзабекұлы Дихан - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, «Дарын» Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша); 3. Қасқабасов Сейіт Асқарұлы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша); 4. Құрманбайұлы Шерубай - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша); 5. Оразбаева Фаузия Шәмсиқызы - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің қазіргі қазақ тілі теориясы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша).

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың мем­лекеттік тілді еркін меңгер­гендігін анықтау жөнінде лингвистикалық комиссия құру туралы

Қазақстан Республи­ка­сының Конституциясы 41-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Рес­публикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 54-бабына, «Қазақстан Респуб­ликасының Конституциясы 41-бабының 2-тармағын ресми түсіндіру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 1998 жылғы 9 қазанда­ғы № 9/2 қаулысына және Қазақ­стан Республикасы Президен­тінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ор­талық сайлау комиссиясы туралы ереженің 8-тармағының 20) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1.  Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгер­гендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссия мынадай құрамда құрылсын: Айтбайұлы Өмірзақ - Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті, Қазақстан Республикасы Ұлт­тық ғылым академиясының академигі, филология ғылым­дарының докторы, профессор (келісім бойынша); Қамзабекұлы Дихан - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша); Оразбаева Фаузия Шәмсиқызы - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің қазіргі қазақ тілі теориясы және әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша); Рымғали Нұрғали - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қа­зақ әдебиеті кафедрасының мең­герушісі, Қазақстан Республи­касы Ұлттық ғылым акаде­миясының академигі, фило­логия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы­ның еңбек сіңірген қайраткері (келісім бойынша); «Қазақстан Рес­публи­ка­сының Президенттігіне кан­ди­даттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анық­таудың рәсімін бекіту және лингвистикалық комиссияны құру туралы» Қазақстан Респуб­ликасы Орталық сайлау комиссиясының 1998 жылғы 12 қазандағы № 46/131 қаулысының күші жойылды деп танылсын. Осы қаулы бұқаралық ақ­­па­рат құралдарында жария­лан­сын.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы О. Жұмабеков

Астана қ. 31 тамыз 2005 ж. № 12/25

Үшіншіден, жалпы, қазақ тілін меңгеруді бағалаудың Қазақстанда бір ғана заңды құралы бар екені ескерілмеген. Сол құралды Сайлау туралы заңнамаға икемдеу қарас­тырылмаған! Ол құрал – ҚазТЕСТ жүйесі. Демек, осы сай­ман арқылы президентке кандидаттар да мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін сарапқа салуы керек еді де соңғы қорытындыны әлгі «Линком» айтуы қажет болатын. ҚазТЕСТ жүйесін енгізу мен дамыту тұжырымдамасы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 қыркүйектегі N835 Қаулысымен бекітілген 1.3. ҚАЗТЕСТ жүйесінің құрылымы және оның жай-күйі ҚАЗТЕСТ жүйесі – Қазақстан азаматтары мен Қазақстан аумағында қызметін жүзеге асырушы шетел азаматтарының мемлекеттік тілді білу деңгейін бағалаудың жалпыға ортақ отандық жүйесі. Төртіншіден, «Лингвисти­ка­лық комиссия» атауындағы алғаш­қы сөз тіл білімі туралы ғылымға ғана қатысты болғандықтан, адамның тілді меңгеруіне қатыссыз, сол себепті, комиссия атауы да айқын­дауды қажет етеді. Мұндай комиссия құрған күннің өзінде ол «Мемлекеттік тілді меңгеру сынағы жөніндегі комиссия» аталуы керек еді. Бесіншіден, тілді меңгеру шарттары мен талаптары ғылымға негізделген (бес адамның біріккен әрекетіне емес) өлшеуіштермен айқындалуы қажет болатын және ол адамдық факторға емес, уақыт талабын қанағаттандыратын тесттік талаптармен жүзеге асып, нәтижені бекіту ғана әлгі комиссия құзырына берілуі керек еді. Алтыншыдан, мемлекеттік тілді еркін меңгеруді сынау үдерісінің нақтыланбағаны мен ұйымдастырудың икемсіздігі сондай, күніге үш адамды ғана сынақтан өткізу мүмкіндігі бар болып шықты. Егер де, оппозициялық күштер қол қусырып қарап отырмай, әрбір өңірден ондаған адамды ұйымдастырып, үміткерлер санын тоқсанға жеткізгенде, онда Тілсынақ кемінде бір ай бойғы науқанға айналар еді де, ОСК масқара болар еді! Жетіншіден, қорыта келгенде, аталмыш Сайлау науқаны заңдық казустар мен күрделі жағдайларға толы бағытпен басталып отыр. Егер де кандидаттар немесе сайлаушылар Мемлекеттік тілді меңгеру сынағының жөнсіздігін алға тартып, сотта қаралатын болса, әділдігі сол – бұл сынақ заңсыз және аталмыш үдерісті қайтадан жүргізетіндей құқықтық казус алдан шықпақ! Бұл әрине, әңгіменің басқа жағы.

 

Бет қатталып жатқанда:

Президенттікке кандидаттыққа тіл сынағын тапсырған Уәлихан Қайсар мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның шешімімен «28 емлелік қате жіберді» делініп, сынақтан сүрінген болатын. Бұл шешімге наразы болған Президенттікке үміткер ҚР Жоғарғы сотына шағымданған еді. Нәтижесінде Жоғарғы сот тіл туралы емтихан сынағын қайта қарап, У.Қайсардың 4 орфографиялық, 1 пунктуациялық қателер ғана жібергенін анықтады. Енді біз тіл сынағынан заңның сұрағы күшті екен-ау деген ойға қалдық. Ал Мырзатай мырзаның бұл шешімге немесе халықтың бетіне қалай қарайтынын әзірше білмейміз. Мүмкін бұл туралы келесі нөмірімізде құлағдар етерміз.

уалихан-кайсаров22   Суретте Уәлихан Қайсар

Гүлнұр АЙДАШ, заңгер