Малайзиялық Боинг Қандағарда екені анықталды, жолаушылар мен экипаж мүшелері аман

1396416239_1Бір айға жуық уақыт бұрын жоғалған Малайзиялық Боинг ұшағы белгісіз адамдардың қармауына түскен. Олар ұшақты басқаруды өз қолдарына алып, Оңтүстік Ауғанстан мен Пәкістанның шекарасында орналасқан Қандағар қаласына әкеткен - деп хабарлайды арнайы қызмет орталығы. Ұшақ жергілікті ауылдардың бірінің тас жолында қанаты сынып тұр, соған қарағанды апатты жағдайда жерге қонған болуы керек. Жолаушылар мен экипаж мүшелері 7 топқа бөлініп ескі үйлерде жартылай аштан өмір сүріп жатыр.  Олардың бәрінің тірі екені анықталды. Естеріңізге сала кетейік, "Malaysia Airlines" әуекомпаниясының Куала-Лумпурдан Пекин бағытына қатынайтын, жолаушылар тасымалдайтын "Боинг 777-200" ұшағы 8наурызда, жергілікті уақыт бойынша ертеңгісін бақылау радарымен байланыссыз қалған. Ұшақ бортында 239 азамат болған. Оның 227-сі жолаушы, олардың арасында 2 бала бар. Экипаж мүшелерінің саны - 12. Сондай-ақ, ұшаққа 13 мемлекеттің азаматтары мінген екен. Олардың басым бөлігі - қытай азаматтары.