Нұртастың концертінде бұзақылық жасағандарға қатысты сот істері басталады

3
958

«Прайм-плаза» сауда-ойын-сауық орталығындағы аудандағы бұзақылық іс бойынша қозғалған қылмыстық істі тексеру жұмыстары аяқталып, сотқа жіберілді.

Бұл туралы КАЗТАГ хабарлады Алматы қалалық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Белгілі болғандай, тексеру барысында «31 тамызда Қайрат Нұртастың қатысуымен белгіленген норма мен ережелерді бұза отырып, «Прайм-плаза» әкімшілігі ұйымдастырған концертті өткізу барысында бір топ адамдардың билік өкілдеріне қарсылық көрсетіп, азаматтарға күш қолданып, бөтеннің мүлкін бұзу және зиян келтіру арқылы бұзақылық әрекеттер жасағандығы» анықталған.

Бұған дейін хабарланғандай, 31 тамызда «Караокенің үздік орындаушысы» байқауы финалистерінің концертіне шамамен 3 мыңдай адам жиналған. Сондай-ақ шараға қазақстандық әнші Қайрат Нұртастың қатысуы да жоспарланған. Ол сахнаға шыққан кезде көрермендер қоршауды бұзып, сахнаға қарай лап қойған.

Мұны көрген әнші сахнадан кетіп қалады. Ал бұл көрермендерге ұнамайды. Сөйтіп олар төбелесе кетеді. Жастар сахнаға, артынан бір-біріне тастар мен пластикалық бөтелкелер лақтырады. Тиісті шараларды қабылдау нәтижесінде төбелес сол күні сағат 23.00-де тоқтатылған.

Құқықбұзушылыққа қатысы бар-жоғын анықтау үшін 165 адам Әуезов ІІБ-на жеткізілген. Кейін 13 адам тұтқындалып, тағы да 20-сын жасаған қылмыстарының ауырлығына қарай әкімшілік және қылмыстық жазаға тарту жоспарланған.

Сонымен құқық қорғау органы үш қылмыстық іс қозғап отыр: ҚР ҚК 257 б. 3 б. (бұзақылық), 178 б. 2б. (ұрлық) және 185 б. 2 б (көлікті айдап кету). Концертті ұйымдастырушыларға қатысты да ҚР ҚК 232 бабы бойынша (мiндеттерiне адал қарамау) қылмыстық іс қозғалды.

Сот отырыстарына әнші Қайрат Нұртастың өзі куәгер ретінде шақырылуы мүмкін.

nur.kz, фотосурет tengrinews.kz 

3 ПІКІРЛЕР

  1. Жас талант әнші Нұртастегі Қайраттың орындаушылық өнерін, қызғаныштан іші өртеніп, көреалмаушылық имансыздық.Талант иелерінің дұшпандары да көп болады. Ит үреді,керуен тоқтамайды.Қайратқа тілейтініміз өнер шыңына өрлей берсін.»Семіздікті қой ғана көтере алады».»Өркөкіректік аштықтан да, тоқсанның аязынан да жаман» деген екен бір данышпан.Атақ – даңқты көтере алмай құлап қалып жүрмесін.

  2. Бұл оқиғаға менің жеке пікірім,Қайрат Нұртасты көре алмайтындар ұйымдастырған сияқты.Себебі,соңғы кезде оның атағын,жетістіктерін көре алмайтындар баспасөз бетінде ашық айтып жүр.Шетелде әлемдік дәрежеде жұлдыз жасау үшін 500 адамға дейін жұмыс істейді және мемлекет мүдделі.Ол мемлекеттің атын шығарады.Ал біздің елде өз еңбегімен жарыққа шығып,ел арасында жұлдызға айналған адамға қарсы ақпараттық соғыс ашып,түрлі деңгейдегі белгілі адамдар ол туралы теріс пікір қалыптастыруға тырысады.Мысалы,Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбай баспасөз бетінде «Мен Қайрат Нұртастың шығармашылығымен хабарым жоқ,Ол неге Мұзарттан көп концерттер бере береді.Ол өз орнын білуі керек»дейді.Өзі оның шығармашылығымен таныс емес,бірақ ны сынайды.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз