Арналар түн ортасында айтысты қойып, көрерменді енді мазақ қылмайды

2
843

Өмірде «бірбеткеймін» дейтін ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед кеше баспасөз мәслихатында осы мінезін көрсетті.

Әсіресе, қазақ тілін шеттетіндерге дүрсе қоя берді. Себебі  БАҚ-та 50/50 талабы сақталмайды. Әрине, бұл жерде мазаққа ұшырап отырған қазақ тілді көрермен.

«Адамнан қулық артылған ба? Елу деген норманы толықтыру үшін түнде қояды, «Қыз Жібек» деген ескі фильмдерді, айтыстарды қояды қазақтарды мазақ қылған сияқты. Содан кейін біз бұл заңға қайта оралып, оның тәуліктің белігілі бір мөлшерінде қазақ тіліндегі хабар осынша болу керек деген норманы енгіздік», – деді ол.

1-ші желтоқсанға дейін ахуал өзгермесе, телеарналар мен радиолар жаппай лицензиясынан айырылады. Министр «аудармамен ғана айналысып отыр» деп Елбасының қатал сынына ұшыраған «Білім» мен «Мәдениет» арналарын қаржыны үнемдеу үшін біріктіруді ұйғарыпты.

Өйткені бюджеттен бөлінген миллиардтардың ақталмағанын мойындады.

Сондай-ақ Мұхтар Құл-Мұхаммед сериал көргіш қыз-келіншектер үшін күтпеген жаңалығын жария етті. Енді мемлекеттік арналарда қаптаған шетелдік сериалдар эфирден алынады. Бұдан былай 1 сериясы 1 млн 300 мың теңге тұратын түрік пен кәрістің сериалдары түгел алынады. Қайта бюджеттің қыруар қаржысы отандық өнімді әзірлеуге жұмсалмақ.

Қазірдің өзінде мемлекеттік арналар 20-ға жуық қазақстандық фильмнің түсірілімін бастап кеткен.

Қысқасы, баспасөз мәслихатын зілді мәлімдемемен бастаған Мұхтар Құл-Мұхаммед соңында жібіп сала берді. Үлкен жоспарларымен бөлісе келе, қалам ұстаған әріптестерін бір қуантып қойды.

«Биылдың өзінде президенттің «Болашақ» бағдарламасы бойынша 20 -дан астам журналистер шетелге барады. Сіздердің араларыңыздар отыр олардың өздері де. Олардың ішіндегі 7 адам менің қолымдағы дерек бойынша ВВС-ге барады. Бұрын «Болашақпен» инженерлер,  мунай-газ саласының мамандарын көбірек қарайтын болсақ, енді журналистерге де көңіл бөлініп жатыр», – деді ол.

Тіпті бүгін министр күтпеген жерден отандық журналистиканың дамуына жоғары баға берді. Және тілшілермен әрдайым бірге болуға уәде беріп кетті.

nur.kz

2 ПІКІРЛЕР

  1. Мұхтар Құл-Мұхаммед міне осы жолы шынында да «бірбеткейлігін » көрсетті. Шіркің Билік басында жүрген барлық шенеуніктер дәл осылай жеме-жемге келгенде нағыз ұлтжандылықтарын көрсетіп отырса ,біз көздеген мәреге айқай шусыз жетеміз. Не нәрсеге болсын, сабырлылықпен табандылықпен жету керек.Енді ақпарат кеңістігінен анау орыс газеттері мен журналдарын құртса ғой,Бұ пәлелер барып түрған экспансия болып тұр. Ел аман,жұрт тиышта жастарымыздың миын улап ,саналарын билеп төстеп барады.Осыған бір тосқауыл қоятын Уақыт келді!

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз