Бүкіл елді дүр сілкіндірген қайғылы оқиғаға бүгін екі жыл

20121101192222Лаңкестің жолын кесіп, ерлікпен қаза тапқан Ғазиз Байтасовты Тараз қаласының халқы еске алуда. Батыр атанған полицейлер еліміздің әр түкпірінен Таразға арнайы келіп, Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Лаңкестің қаскөй пиғылын іске асырмай, көшенің қақ ортасында өз-өзін жармақ болғанда Ғазиз Байтасов оны денесімен қапсыра жауып, өзгелердің бейбіт өмірі жолында жанын пида етті. Оның жасаған ерлігін артында қалған халқы мен әріптестері ұмытпайды. Рухына тағзым ету шарасы аясында Тараздағы жол патрульдік полициясының жаңа ғимаратында батырға арнап естелік бұрыш ашылды. Тәртіп сақшылары Ғ.Байтасовты бір минуттық үнсіздікпен еске алды. Жиынға қаһарманның артында қалған отбасы мен балалары да қатысты. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

                                                                                                                                  ҚазАқпарат