Енді кәріс және түрік сериалдарын көрмейміз

1345807592_kul-muhammedКорей және түрiк телесериалдарын сатып алуға тыйым салынады. Бұл жөнiнде бүгiн ҚР Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед мәлiмдедi. Ол отандық телехикаялар түсiруге басымдық берiлетiнiн айтты."Сериалдар телеарнаның рейтингiсін көтередi. Алайда, қазақстандық телеарналар түрiк пен корей сериалдарына шамадан тыс ден қойып кеткенi байқалады. Сол себептi, бiз телехикаялар сатып алуға тоқтау қоймақпыз. Яғни, осы жылдан бастап түрiк-корей телехикаяларын сатып алу тоқтатылады", - дедi министр. "Шетелдiк телехикаяларды сатып алуға жұмсалатын қаражатты отандық телеөнiм дайындауға бағыттайтын боламыз. "Қазақстан", "Хабар" телеарналарында бүгiннiң өзiнде 20-ға жуық қазақстандық телетуынды көрсетiлдi. Жақында ғана эфирге жол тартқан "Қасым" сериалы көрерменнiң көңiлiнен шыққаны байқалады. Сол сияқты, кино әлемiнде еңбек етiп жүрген Баян Есентаева Күләш Байсейiтова туралы фильмдi қолға алды", - дедi М.Құл-Мұхаммед.

bnews.kz