Қазақстан автонарығының күйі қандай?!

87748_1369309095_78392x564120_s800x6002013 жылдың алғашқы жартыжылдығының қорытындысы бойынша автонарығы жылдам дамушы елдердің әлемдік рейтингі жасалды. 102 пайыздық өсімге қол жеткізген Перу бастаған көшбасшылар тізімінде Қазақстан төртінші сатыда тұр.

 Қазақстан автобизнес қауымдастығының президенті Андрей Лаврентьевтің сөзіне қарағанда, сату көрсеткіші бойынша келесі бір әлемдік рейтингте Қазақстан биыл 54-тен 47-сатыға көтерілген. Онда 6 айда 10 млн. автомобиль сатқан Қытай бірінші орында келе жатыр. Одан кейінгі орында АҚШ, Жапония, Бразилия және Гермения елдері тұр.

 Қазақстанда қыркүйек айында 16,2 мыңнан астам көлік сатылған көрінеді. Ал оның жалпы саны жыл басынан бері 116 мыңды құрап отыр. Алдыңғы 2 тоқсанға қарағанда үшінші тоқсанда сауда біршама жоғары болды. Мәселен маусым-қыркүйек айларында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 85 пайызға артқан.

Қазақпарат