Әлем чемпиондары бүгін Елордаға келеді

e0769235fca94c2ff9ae7026a2be180dБүгін Алматыда өткен бокстан әлем чемпионатына қатысқан ұлттық құрама боксшылары мен жаттықтырушы Марат Елеусінов Астанаға ұшып келеді, деп хабарлайды Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының баспасөз қызметі. Алматыда өткен бокстан әлем чемпонатында қазақ боксшылары 8 медаль ұтып алды. Жалпыкомандалық есепте де Қазақстан көшбастап тұр. Мерей Ақшалов, Данияр Елеусіновтер әлем чемпионы атанды. Илияс Сүлейменов ширек финалға дейін жетті. Жеңімпаздарды күтіп алатын жанкүйерлер естеріне сала кетсек, спортшылар Астана әуежайына кешке сағат 17:50-де келіп жетеді.